Атырау, 8 қазан 01:57
 дождьВ Атырау +13.3
$ 447.14
€ 500.35
₽ 5.24

Әлемде

НАТО Ресей мен Түркияны сабырға шақырды Әлемде

НАТО Ресей мен Түркияны сабырға шақырды

НАТО-ның бас хатшысы Түркия мен Сирия шекарасында атып түсірілген ресейлік ұшаққа байланысты тараптарды сабырға шақырып, «жағдайдың ушығып кетуіне жол берілмеу керек», - дейді. Бұл туралы Йенс Столтенберг Солтүстікатлантикалық кеңестің кезектен тыс отырысынан кейін мәлімдеді. 25 қараша 2015, 10:10 2 637 рет қаралды
Ресей Сирияда әуе қорғанысын күшейтпек Әлемде

Ресей Сирияда әуе қорғанысын күшейтпек

Ресей Түркия Сириямен шекарада Су-24 бомбалаушы ұшағын атып түсіргеннен соң Сириядағы әуе қорғанысы базасын күшейтеді деп хабарлады Ресей қарулы күштері бас штабының жедел басқармасының басшысы Сергей Рудский. Ол қазір Сирия аумағында құлаған ұшақтың екі ұшқышының бірі алдын ала мәліметтер бойынша әуеде қаза табуы мүмкін екенін айтады. Қазір бір ұшқышты іздеу, құтқару жұмыстары жүріп жатыр. 25 қараша 2015, 10:05 2 757 рет қаралды
Ердоған ресейлік Су-24 ұшағына шабуылдың неліктен жасалғанын түсіндірді Әлемде

Ердоған ресейлік Су-24 ұшағына шабуылдың неліктен жасалғанын түсіндірді

Түркия президенті Тайып Ердоған түрік әскерилерінің ресейлік Су-24 ұшағын неліктен атып түсіргенін түсіндірді. Ердоғанның айтуынша, Түркияның әскери әуе күштері қатерге байланысты шаралар ережесінің аясында әрекет еткен. Бұл туралы РИА Новости хабарлады. 25 қараша 2015, 09:59 2 996 рет қаралды
Мысырда болған жарылыста 3 адам қаза тауып, 12 адам зардап шекті Әлемде

Мысырда болған жарылыста 3 адам қаза тауып, 12 адам зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысырдағы Синай түбегінің солтүстігіндегі Эль-Ариш қаласында қонақ үй маңында сейсенбі күні таңертең болған жарылыс салдарынан 3 адам қаза тауып, 12 адам жарақаттанды, деп хабарлады мысырлық телеарнадан. 24 қараша 2015, 12:54 2 299 рет қаралды
Путин: Каспийден Сирияға зымыран ату әзірге тоқтамайды Әлемде

Путин: Каспийден Сирияға зымыран ату әзірге тоқтамайды

Ресей Египеттегі ұшақ апатына кінәлілер жазаланбайынша Каспий теңізін Сирияға әуе соққыларын жасауға пайдалана береді деп мәлімдеді осы ел президенті Владимир Путин. 23 қарашада Тегеранда Путинмен кездесуінде Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов оған Қазақстан Ресейдің Каспий теңізі үстінде әскери әрекеттер жүргізгеніне байланысты алаңдаушылық білдіргенін айтқан. Путин мен Бердімұхамедов Тегеранда газ экспорттаушы елдер басшыларының форумында кездескен. 24 қараша 2015, 10:45 2 008 рет қаралды
​Путин: РФ ИМ-мен күресу үшін Каспий үстіндегі әуе кеңістігін ары қарай пайдаланатын болады Әлемде

​Путин: РФ ИМ-мен күресу үшін Каспий үстіндегі әуе кеңістігін ары қарай пайдаланатын болады

"Өңірдегі Каспий теңізі үстіндегі әуе кеңістігін пайдалануға байланысты біздің достарымыздың алаңдаушылығына келер болсақ, бізге қазақстандық достарымыз әзірге ештеңе айтқан жоқ, бірақ бұны ескеретін боламыз. Біз бірқатар қолайсыздықтар болып жатқанын түсінеміз", — деді Путин. 24 қараша 2015, 10:25 2 200 рет қаралды
Fortune 2016 жылдың аяғына қарай орын алатын мұнай бағасын болжады Әлемде

Fortune 2016 жылдың аяғына қарай орын алатын мұнай бағасын болжады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Fortune басылымы 2016 жылдың аяғында мұнайға әлемдік бағаның болжамын жариялады, «Қара алтын» құны бір жылдан кейін бұрынғы көрсеткіштерге қайта келуі ықтимал, деп хабарлады РИА Новости. 24 қараша 2015, 10:37 2 038 рет қаралды
Токиода храмда жарылыс болды Әлемде

Токиода храмда жарылыс болды

Жапония полициясы Токиода 23 қарашада соғыс құрбандарына арналған Ясукуни храмында болған жарылысты тексеріп жатыр. Храм маңына 100 шақты полицей мен өрт сөндірушілер жиналған. Жарылыс храмның көпшілікке арналған дәретханасында болған. Жарылыстан қаза тапқандар мен жараланғандар бары туралы мәлімет жоқ. 23 қараша 2015, 14:14 1 729 рет қаралды
Аргентинада президент сайлауында оппозициялық кандидат алда келеді Әлемде

Аргентинада президент сайлауында оппозициялық кандидат алда келеді

Аргентина президентінің сайлауында, алдын ала мәліметтер бойынша, консервативті оппозиция атынан үміткер болған Буэнос-Айрес мэрі Маурисио Макри топ жарып келеді, деп хабарлайды Reuters. 23 қараша 2015, 11:18 1 740 рет қаралды
Иранда Washington Post журналисі сотталды Әлемде

Иранда Washington Post журналисі сотталды

Иран соты Washington Post басылымының журналисі, "тыңшылық жасады" деп айыпталған Джейсон Резаянға түрме жазасын кесті. Бұл туралы Иран сотының өкілі Голамхосейн Мохсени Эджеиге сілтеме жасаған жергілікті ақпарат құралдары хабарлады. 23 қараша 2015, 10:45 1 396 рет қаралды
ДАИШ содырлары АҚШ-та Ақ үйді жарамыз деген қоқан-лоқымен видео таратты Әлемде

ДАИШ содырлары АҚШ-та Ақ үйді жарамыз деген қоқан-лоқымен видео таратты

ДАИШ экстремистік ұйымының содырлары қоқан-лоқы көрсетіп, кезекті видеоны таратты. Ол видеода олар АҚШ-тың Ақ үйін жарып жіберуге ниетті екендерін айтты, - деп хабарлайды Fox News телеарнасы. 20 қараша 2015, 10:41 2 217 рет қаралды
АҚШ босқындарды тексеруді қатаңдатпақ Әлемде

АҚШ босқындарды тексеруді қатаңдатпақ

Жүздеген адамның өмірін қиған Париждегі лаңкестіктен кейін әлем елдері шекарасын қымтап, босқындарды кіргізбеудің қамына кірісті. Алпауыт АҚШ та ұлттық қауіпсіздікті ойлап, өзге елдерден келетін босқындарды тексеруді біршама қатаңдатпақ. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы көмекшісінің халық саны, босқындар мен миграция мәселелері жөніндегі бірінші орынбасары Саймон Хеншоу мәлім етті, деп хабарлайды Vesti.ru. 20 қараша 2015, 11:03 1 907 рет қаралды
 Ресейлік билік 2025 жылға дейін Байқоңырды қаржыландыруды қысқартуға ниетті Әлемде

Ресейлік билік 2025 жылға дейін Байқоңырды қаржыландыруды қысқартуға ниетті

Алматы. 20 қараша. ҚазТАГ – «Ресей ғарыш айлақтарын 2016-2025 жылдар аралығына дамыту» федералды мақсатты бағдарламасы (ФМБ) жобасында ғарыш айлағын дамытуға 750 млрд руб. қарастырылған, бұл ретте Байқоңырды дамытуға аз қаржы жұмсалмақ, деп жазады «Известия» басылымы. 20 қараша 2015, 10:38 2 157 рет қаралды
Эрдоган мұсылман елдерінің антитеррорлық майданын құруға шақырды Әлемде

Эрдоган мұсылман елдерінің антитеррорлық майданын құруға шақырды

Алматы. 20 қараша. ҚазТАГ – Түркия президенті Реджеп Тайип Эрдоган мұсылман елдерінің мемлекет басшыларының экстремизммен күрес үшін, оның ішінде «Мұсылман мемлекетіне» қарсы күрес үшін біртұтас майданын ашуға шақырды, деп хабарлады, ресейлік БАҚ-тар. 20 қараша 2015, 10:34 1 406 рет қаралды
Telegram: ИМ-ге қатысы бар арналар жабылды Әлемде

Telegram: ИМ-ге қатысы бар арналар жабылды

Ресейлік программист Павел Дуров жасаған Telegram ұялы байланыс қосымшасы «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобының мүшелері мен содырлары пайдаланатын каналдарды жапқан. Бұл туралы Telegram қосымшасы әкімшілігі таратқан ақпаратта ИМ содырлары өз үгіт-насихаты үшін пайдаланып келген 12 тілде жүргізілетін 78 арна жабылғаны айтылған. 20 қараша 2015, 11:08 1 408 рет қаралды