Атырау, 26 қараша 10:31
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Бельгияда арнайы операция кезінде 16 адам ұсталды

2 022 просмотра

Image 0Бельгиялық сарбаз Гран-Плас алаңында, Брюссель. Фото: REUTERS 2015Бельгияның қауіпсіздік кеңесі Брюссельдегі террористік қауіпті бұрынғыдай ең жоғарғы деңгейде қалдырды.

Мектептер мен университеттер жабылып, метро да жұмысын тоқтатты. Тәртіп сақшылары мен әскерилер бірігіп, Брюсселде арнайы операция жүргізді. Брюсселдің орталығы мен Моленбек, Андерлехт, Жет, Скарбек, Волюве-сен-Ламбер, Форе, Шарлеруа және Льеждың бірнеше ауданында барлық күш құрылымдарының қатысуымен антитеррорлық операция өткізілді. Әскерилер барлық көшені қоршауға алды. Астананың орталығында әйгілі Гран-Плас алаңының жанында күдікті азаматтарды құрықтау кезінде тұрғындардың үйден шықпауын және терезеге жақындамауларын дауыс зорайтқыш арқылы хабарлап отырды. Шарль Мишель, Бельгияның Премьер-министрі: - Біздің қолымызда париждегі лаңкестік әрекеттер сынды теракт болуы ықтимал деген мәлімет бар. Оны жарылғыш заттары бар, бір немесе бірнеше лаңкес жасауы мүмкін. Сондықтан Брюссельде террорлық қауіптің төртінші деңгейі әлі сақталады. Метро мен оқу орындары әзірге жұмыс істемейді. Бельгияның әйгілі Le Soir басылымының мәліметі бойынша Париждегі лаңкестікке қатысы бар күдікті Салах Абдесламды Льеж ауданында BMW автокөлігінің ішінен байқаған. Алайда оны қолға түсіру мүмкін болмады, ол Германияға қарай қашып кеткен. Арнайы операция кезінде 16 адам ұсталды. Дегенмен оның бірі полицейлерге қарсылық көрсетіп, автокөлігімен тәртіп сақшыларының шебін бұзып өткен. Көп ұзамай ол Брюссельде қолға түсті. Эрик Ван дер Сипт, Бельгия федералдық прокуратурасының өкілі: - Лаңкестерге қарсы Брюссель мен Шарлеруадағы рейдтер кезінде 16 адам тұтқындалды. Бірақ, әзірге олардың атын жариялай алмаймыз. Париждегі жарылысқа тікелей қатысы бар Салах Абдеслам сытылып кетті. Ал Моленбек ауданындағы рейд кезінде күдіктілер қарсылық келтіргенімен, ешқандай шығынсыз шыққанымызды айтқым келеді. Тінту кезінде де ешқандай қару жарақ немесе жарылғыш зат табылған жоқ. Кең көлемді арнайы операция аяқталғанымен, террорлық қауіптің деңгейі сол қалпында қалды. RTBF телеарнасының мәліметі бойынша Брюсселде әскери күштер мен полицияның біріккен арнайы операциясы шетелдік арнайы қызметкерлердің ақпараттары мен бірнеше күнгі тексерулердің нәтижесі бойынша жүргізілді.

Дереккөз: 24.kz

23 қараша 2015, 14:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.