Атырау, 26 қараша 10:24
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Эрдоган мұсылман елдерінің антитеррорлық майданын құруға шақырды

1 154 просмотра

Image 0Фото: glavcom.uaАлматы. 20 қараша. ҚазТАГ – Түркия президенті Реджеп Тайип Эрдоган мұсылман елдерінің мемлекет басшыларының экстремизммен күрес үшін, оның ішінде «Мұсылман мемлекетіне» қарсы күрес үшін біртұтас майданын ашуға шақырды, деп хабарлады, ресейлік БАҚ-тар.

«Біз Париждегі шабуылдан соң терроризммен күресте жолайырықта тұрмыз. Мен терроршыларды үзілді-кесілді сөгемін, олар менің дінімде болса да, мен мұсылман елдерінің барлық көшбасшыларын солармен күресте біртұтас майдан құруға шақырамын», - деді Р. Эрдоган Стамбулдегі сөйлеген сөзінде.

Ол, өйтпеген жағдайда джихадшылар жаңа хайуандыққа барады деді.

Бұл ретте Р. Эрдоган барлық мұсылмандарды терроршылармен шатастырмау керек деді.

«Ислам мемлекетіне» қарап исламды құбыжық етіп отырғандар өте үлкен қателікке бой алдырады», - деді Түркия президенті.

Дереккөз: ҚазТАГ


20 қараша 2015, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.