Атырау, 26 қараша 10:55
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

ИМ химиялық қару шығаратын арнайы жасақ құрды

4 842 просмотра

Image 0Фото: ruscur.ruАлматы. 20 қараша. ҚазТАГ – «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымы химиялық қару шығаратын арнайы жасақ құрды, деп хабарлайды РБК агенттігі АР агнеттігіне сілтемелеп.

«Олар ол қаруды шығаруға зертханаларын қайда орналастырамыз десе де еркінде, және оларда азаматтық және әскери сарапшылар жетерлік», - деп айтып берді АР агенттігіне Ирак барлауындағы жоғарғы лауазымды шенеунік.

Сонымен қатар Ирак парламентінің қауіпсіздік және қорғаныс комитетінің басшысы Саид аль-Хаким Замили барлау мәліметтеріне сілтемелеп, «Ислам мемлекетіне» химиялық қаруын жасауға шетелдік сарапшыларды, оның ішінде Саддам Хусейн заманында әскери-өнеркәсіп кешенінің мәселелерімен айналысқан мамандарды да тарта алды деп мәлім етті.

Одан басқа Ирак барлау қызметі ИМ химиялық қару жасау бағдарламасында жұмыс атқарып жатқандар арасында Шешенстаннан және Оңтүстік Азиядан шыққан мамандар да бар деп отыр.

«ИМ химиялық қару шығару бағытында, оның ішінде жүйкені сал қылатын газдар шығару бағытында қарқынды жұмыстар жүргізуде. Бұл Ирак пен басқа да әлемге төнген қауіп», - деп мәлім етті Замили.

Биыл тамыз айында сириялық мемлекеттік SANA агенттігі «Ислам мемлекеті» содырлары Мареа қаласында химиялық қару қолданғанын хабарлады. Жергілікті билік адамдардың улы заттармен уланғанын хабарлады.

Тамыз айының ортасында The Wall Street Journal басылымы жоғарғы лауазымды американдық шенеунікке сілтемелеп АҚШ пікірінше, ИМ содырлары Ирактағы курд жасақтарына қарсы соғыста улағыш иприт газын қолданған деп жазды. АҚШ ұлттық қауіпсіздік кеңесі ол мәліметтер туралы хабардар екенін мәлім етіп, қосымша мәліметтер жинап жатқанын хабарлады.

Дереккөз: ҚазТАГ

20 қараша 2015, 11:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.