Атырау, 26 қараша 10:40
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Украина президенті: паспортты орыс тілінен арылтқан жөн

2 342 просмотра

Image 0Фото: sharij.netУкраина президенті Петр Порошенко украин паспортынан орыс тіліндегі сөздерді алып тастау туралы петицияға жауап берді.

Президенттің ресми сайтында жарияланған жауапта: «Украина азаматтарының Украина паспорттарында Жоғарғы Рада агрессия жүргізіп отыр деп тапқан мемлекеттің тілінде ақпаратты қайталап жазуға қарсылығын қолдаймын» делінген.

Украинаның Еуропа Одағына кірігу ұмтылысын ескере отырып, Порошенко Украина паспортындағы ақпаратты қосымша ағылшын тілінде жазуды ұсынған. Порошенконың сөзіне қарағанда, ол бұл ұсынысты үкіметке жолдап қойған.

Порошенко бұған дейін ағылшын тілі Украинада украин тілімен қатар «екінші жұмыс тілі» мәртебесін алғанын қолдайтынын білдірген.

«Украинская правда» газетінің хабарлауынша, тамыз айында Львов қаласының тұрғыны Святослав Литинский Украина азаматтығы туралы паспортын орыс тіліндегі ақпаратсыз алуға сот арқылы қол жеткізген.

Дереккөз: azattyq.org

19 қараша 2015, 16:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.