Атырау, 26 қараша 10:56
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Ресейлік билік 2025 жылға дейін Байқоңырды қаржыландыруды қысқартуға ниетті

1 939 просмотра

Алматы. 20 қараша. ҚазТАГ – «Ресей ғарыш айлақтарын 2016-2025 жылдар аралығына дамыту» федералды мақсатты бағдарламасы (ФМБ) жобасында ғарыш айлағын дамытуға 750 млрд руб. қарастырылған, бұл ретте Байқоңырды дамытуға аз қаржы жұмсалмақ, деп жазады «Известия» басылымы.

«Қазір қарастырылып жатқан «Ресей ғарыш айлақтарын 2016-2025 жылдар аралығына дамыту» федералды мақсатты бағдарламасының нұсқасында бюджетте 750 млрд рубль қарастырылған. Аталмыш қаржының басым бөлігі жаңа «Восточный» ресейлік ғарыш айлағына арналған. Шамамен 50 млрд рубльді Байқоңырға салу жоспарлануда. Байқоңырда РФ белсенді жұмыс жасап жатыр – ғарыш айлағын жалға алу шарты 2050 жылға дейін жасалған. Байқоңырда қолданыстағы инфрақұрылымды жұмыс жағдайында сақтау маңызды. Қазіргі таңда оның кей жерлері жөндеу жұмыстары мен жаңартуды қажет етіп отыр», - деді «Жерүсті ғарыштық инфрақұрылымының нысандарын пайдалану орталығы» (ЖҒИНП) ФГУП бас директорының м.а. Рано Джураева.

Бұл ретте ол «Восточный» ғарыш айлағын дамытуға жоспарланған инвестиция сомасының нақты көлемін атаған жоқ. Алайда қорғаныс министрлігіндегі «Известияның» дерек көзі айтқандай, «Плесецк» ғарыш айлағын дамытуға шамамен 180 млрд руб. салу жоспарланып жатқанын айтты. Осылайша «Восточный» ғарыш айлағының үлесіне 500 млрд руб астам қаржы тиесілі болады.

$1 = 64,91 руб.

Дереккөз: ҚазТАГ

20 қараша 2015, 10:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.