Атырау, 8 қазан 21:41
 бұлттыВ Атырау +14
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Аргентинада президент сайлауында оппозициялық кандидат алда келеді

1 499 просмотра

Image 0Фото: ria.ruАргентина президентінің сайлауында, алдын ала мәліметтер бойынша, консервативті оппозиция атынан үміткер болған Буэнос-Айрес мэрі Маурисио Макри топ жарып келеді, деп хабарлайды Reuters.

Үш экзит-полдың қорытындысы Макридің оқ бойы озып келе жатқанын көрсетіп отыр. Сайлау учаскелерінен алынған хаттамалардың 12,5 пайызын саралау қорытындысы бойынша сайлаушылардың 54,5 пайызы Макриге дауыс берсе, 45,5 пайызы үкімет атынан президенттікке үміткер, Буэнос-Айрес провинциясының губернаторы Даниэль Сциолиді жақтаған.

Бүгінде Аргентина экономикасы күрделі де қиын кезеңді бастан кешіруде. Инфлияция мен жыл сайын ұлғайып бара жатқан бюджет тапшылығы елдің дамуына теріс ықпалын тигізіп отыр. Осыны ескерген Макри де сайлауалды науқан барысында халыққа президент болған жағдайда, «нарыққа барынша бейімделген» бағдар ұстануға уәде етті.

Дереккөз: bnews.kz

23 қараша 2015, 11:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.