Атырау, 26 қараша 08:43
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Соңғы екі жылда алтынға деген әлемдік сұраныс жоғарылаған

1 564 просмотра

Алматы. 12 қараша. ҚазТАГ – 2015 жылдың үшінші тоқсанында алтынға деген әлемдік сұраныс жылдық сипатта 8% өсіп, 1120,9 тоннаға жеткен, бұл соңғы 2 жылдағы ең жоғары көрсеткіш болып табылады, делінген алтын бойынша Дүниежүзілік кеңес (World Gold Council, WGC) баяндамасында.

Аталмыш кезеңде Қытайда металға деген сұраныс өсімі 13% өсіп, 239,9 тоннаға жеткен, Үндістанда— 13% өсіп, 268,1 тоннаны, Таяу Шығыста — 10% өсіп, 70,5 тоннаға жеткен. АҚШ-та өсім 62% құрап, 58,9 тонна болған, ал Еуропа елдерінде — 27% болып, 73,6 тоннаны құраған.

Ұйым құймалар мен тиындарды сатып алу өсімінің есептік кезеңде жылдық сипатта 33% болғанын еске салды, ал әшекей бұйымдарға деген сұраныс 6% артқан.

Ресейде әшекей бұйымдарына деген сұраныс кеңестің бағалауынша үшінші тоқсанда жылдық сипатта 19% төмендеп, 13,5 тоннаны құрады. Бұл ретте елде құйма мен тиындарға сұраныс 40% түсіп кеткен, нәтижесінде 1,3 тоннаны құраған.

Дүниежүзілік алтын кеңесі (WGC) 1967 жылы әлемдік ірі алтын өндірушілер құрған. Ұйымның басты міндеті – алтынға деген сұранысты ынталандыру. Кеңестің штаб пәтері Лондонда орналасқан.

Дереккөз: ҚазТАГ

12 қараша 2015, 16:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.