Атырау, 6 желтоқсан 09:24
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Бердімұхамедов Қытайға сапарлап барды

1 729 рет қаралды

Image 0today.kzТүркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов 12 қарашада ресми сапармен Қытайға барды. Түркіменстан ақпарат құралдарының хабарлауынша, сапар екі ел арасында салынып жатқан газ құбыры құрылысын ілгерілетуді көздейді.

Түркіменстан-Қытай трансұлттық газ құбыры желісі Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан және Тәжікстан арқылы өтпек.

Түркімен ақпарат құралдары газ құбыры желісін "21-ғасырдың ғаламат жобасы" деп атай бастады.

Түркіменстанның экспортқа шығаратын табиғи газының көп бөлігін Қытай сатып алады.

Бірақ Бердімұхамедов 7 қарашада елдегі мемлекеттік компанияларға Түркіменстаннан Ауғанстан, Пәкістан арқылы Үндістанға баратын TAPI құбыры желісі құрылысын бастауды тапсырған.

Дереккөз: azattyq.org

12 қараша 2015, 16:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.