Атырау, 26 қараша 08:45
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қытайда кибер қылмысты жасаған деген күдікпен шамамен 900 адам ұсталды

2 134 просмотра

Алматы. 13 қараша. ҚазТАГ – Мақсатты кампания аясында Қытайдың құқыққорғау органдары заманауи кибер технологияны пайдалнумен байланысты қылмыстың 400 жағдайын анықтап, 900-дей күдіктіні ұстаған, деп хабарлады Синьхуа агенттігі.

ҚХР қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің ақпарынша, кибер қылмыспен күрес жөніндегі арнайы кампания ағымдағы жылдың шілдесінде бүкіл ел көлемінде іске қосылды. Полиция негізгі күшін кибер шабуылдармен күреске, ары қарай оларға бақылау жасау үшін веб-сайттарды бұзумен, вирустарды шығару және оларды таратумен, электронды әмияндардан, интернет арқылы есептесу үшін ашылған әмияндардан ақша ұрлаумен, алаяқтықпен қарсы күреске бағыттаған.

Кампанияға сондай-ақ, Вьетнам мен Корея Республикасының құқыққорғау органдары да ат салысты.

Қытайда «әлеуметтік зұлымдықтың» осындай түріне қарсы тұруды күшейту мақсатында цифрлық дәлелдерді талдау және сараптама жасау бойынша 300-ден астам зертхана құрылған және кибер кеңістікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесі жетілдірілуде.

Дереккөз: ҚазТАГ

13 қараша 2015, 10:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.