Германия орталық банкінің басшысы Карл-Людвик Тиле жаңадан шыққан 20 еуролық банкноттағы голограмманы жалған ақша жасаушылармен күресуге мүмкіндік беретін «ақша шығару технологиясының жаңа кезеңі» деп атады. Жаңа банкнотты кез-келген жағынан алып жарыққа тосқанда, одан аңызда айтылатын Еуропа құдайының бейнесі айқын байқалады.
Карл-Людвик Тиле жалған ақша жасаушылардың жаңа банкнотты қолдан жасауы мүмкін емес деп сендіреді. Жаңа ақша 25 қарашадан бастап айналымға түседі, ал бұрынғы банкноттар айналымнан біртіндеп шығарылады.
Зерттеулер нәтижесі бойынша, биылғы жылдың алғашқы жартысында әлем бойынша ең жиі қолдан жасалатын ақша – 20 еуролық банкнот болған. Қолға түскен барлық жалған ақшаның 55 пайызын да осы банкнот құрағаны айтылып отыр.
Дереккөз: azattyq.org, фото: rbc.ru