Атырау, 26 қараша 08:47
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Азаматтық ұшақтар спутникпен бақыланады

1 652 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық телекоммуникация одағы азаматтық ұшақтарды спутниктермен бақылау үшін жиілік диапазонын бөлу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Lenta.ru Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Азаматтық авиация ұшақтарын бақылау үшін 1087,7-1092,3 мегагерц диапазон бөлінеді. Бұл жиілікте ADS-B дабылы беріледі, ол лайнердің нақты уақытта орналасқан жерін бақылауға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе, жерүсті радарлары ақтаңдақ жерлерде: мұхит үстінде, Жер полюстерінде азаматтық рейстерге мониторингі жүргізуде аса өзекті.

Мониторинг жүйесі 2016 жылғы қарашаға дейін орнатылуы тиіс. Әуе кемесі өзінің координаттары туралы 15 минутта бір рет, немесе экстремальдық жағдайларда жиірек хабар беріп отыруы тиіс.

Мониторинг бағдарламасын жүзеге асыру мерзімдері туралы шешім қабылдауға Malaysia Airlines компаниясының «Боинг-777» ұшағы хабар-ошарсыз кеткеннен кейін авиакомппаниялар мен реттеушілерді сынау ықпал етті.

Жалпы ережелерді келісу мен азаматтық ұшақтарды бақылау жүйесін орнатуды БҰҰ мен ИКАО (Халықаралық азаматтық авиация ұйымы) 2009 жылы Алтант мұхитына Air France ұшағы құлағаннан кейін шешті.

Куала-Лумпурдан Бейжіңге ұшып шыққан Malaysia Airlines компаниясының «Боинг-777» ұшағы 2014 жылғы 8 наурыз күнгі түнде радар экрандарынан жоғалып кетті. Реюньоннан сынықтары табылғанға дейін хабарсыз кеткен лайнер жөнінде ешқандай белгі табу мүмкін болмады.

Дереккөз: inform.kz

12 қараша 2015, 16:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.