Атырау, 26 қараша 08:30
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Ресей Airbus-қа теракт жасалуы мүмкін екенін мойындады

1 948 просмотра

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев Египеттің Синай түбегінде апатқа ұшыраған "Когалымавиа" компаниясының жолаушылар ұшағына террорлық шабуыл жасалған болуы мүмкін екенін бірінші рет мәлімдеді. "Российская газета" басылымына берген сұхбатында Медведев "Әрине, апатқа теракт себеп болуы мүмкін" деді.

Ұлыбритания, АҚШ пен Израиль биліктері мен халықаралық сарапшылар Airbus A321 ұшағы бортында бомба жарылған деп болжам жасаған. Ресей мен Египет биліктері мұндай қорытынды жасау үшін тексеру қорытындысын күту қажет дейді.

Ұшақ апатқа ұшырағаннан бірнеше сағаттан соң "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымымен байланысы бар Египеттегі содырлар апатқа жауапкершілікті мойнына алатыны туралы мәлімдеме жасаған. Содырлар ұшақты Ресейдің Сирияда жүргізіп жатқан әуе шабуылдарына "кек алу үшін жарып жібергенін" айтқан. 6 қарашада Ресей президенті Владимир Путиннің бұйрығы бойынша, Египетке ұшатын барлық рейс уақытша тоқтатылған.

31 қазанда Шарм-эш-Шейх қаласынан Санкт-Петербургке ұшып шыққан ұшақта 224 адам болған. Апаттан ұшақтағы адамдардың барлығы қаза тапты.

Reuters агенттігі АҚШ үкіметіндегі дереккөзіне сілтеме жасап, Ресей билігі апатқа теракт себеп болғанын мойындайтыны туралы телефондағы әңгіменің қолға түскенін хабарлады.

Дереккөз: azattyq.org

10 қараша 2015, 10:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.