Фото: Global Look PressАСТАНА. ҚазАқпарат - Мысырда апатқа ұшыраған А321 бортында таймер орнатылған. Болжам бойынша жарылғыш зат жанар-жағармай багының маңына қойылған, деп хабарлады foxnews.com.
Дереккөзінің хабарлауынша, апатқа ұшыраған ресейлік Airbus A321 ұшағының бортында екі сағатқа орнатылған таймер болған. Мұны лайнер апаты бойынша тергеу жүргізген мамандар анықтады.
Ақпаратты қайдан алынғанын телеарна анықтап айтпады.
Негізгі нұсқалардың бірі бойынша, бомба жанар-жағармай багының маңында орнатылған.
Еске сала кетейік, Шарм-эль-Шейхтен Санкт-Петерборға ұшқан «Когалымавиа» әуе компаниясының Airbus 321 ұшағы 31 қазанда құлады. Бортта болған 224 адамның барлығы мерт болды.
Дереккөз: inform.kz