Атырау, 1 қаңтар 20:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -7
$ 505.53
€ 593.44
₽ 6.34

Барлық жаңалық

Түркия премьері АҚШ-қа виза беріле бастауын оң бағалады Әлемде

Түркия премьері АҚШ-қа виза беріле бастауын оң бағалады

Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым АҚШ-тың түркиялықтарға қайтадан виза бере бастауын "жақсы қадам" деп бағалады. Дегенмен винистр Вашингтон Анкара сұратып отырған дін қайраткері Фетхулла Гүленді экстрадициялау керек деп есептейді. Йылдырым бұл жайында Вашингтонға баратынының қарсаңында мәлімдеді. Вашингтонда ол АҚШ вице-президенті Майк Пенспен кездеседі. 8 қараша 2017, 11:11 2 022 рет қаралды
Еуропалық қайта құру және даму банкі Қазақстан экономикасына болжам жасады Қазақстанда

Еуропалық қайта құру және даму банкі Қазақстан экономикасына болжам жасады

Қазақстанда экономика өсімі 2017 жылы 3,8%-ға, 2018 жылы 3,5%-ға өсуі мүмкін. Мұндай болжамды Еуропалық қайта құру және даму банкі жасап отыр.  Банктің ақпаратына қарағанда, мұндай болжамның жасалуы мұнай өндірісінің артуымен және бағаның қалыпты болуымен, нақты кірістің қайта қалпына келуімен, сондай-ақ, құрылыс саласының, ауыл шаруашылығының жандануымен байланысты.  8 қараша 2017, 11:07 2 412 рет қаралды
Жамбылда атыс болып, 7 адам жарақат алған, қаза тапқандар бар Қазақстанда

Жамбылда атыс болып, 7 адам жарақат алған, қаза тапқандар бар

Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметі облыстық ІІД қызметкерлері атыс салдарынан көз жұмған Қаракемер тұрғынының өліміне байланысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатқандығы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. 8 қараша 2017, 10:57 2 561 рет қаралды
Қазақстанда ішкі істер департаменттері мен жергілікті полиция қызметі біріктірілмек  Қазақстанда

Қазақстанда ішкі істер департаменттері мен жергілікті полиция қызметі біріктірілмек

Парламент Мәжілісі «Қазақстан Республикасың кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша жұмысты бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  8 қараша 2017, 10:50 8 580 рет қаралды
Жол қиылысында қозғалу тәртібін білеміз бе? Басқа жаңалықтар

Жол қиылысында қозғалу тәртібін білеміз бе?

«АЖ» редакциясының өтініші бойынша облыстық ІІД жол полициясы Атыраудағы көлік қозғалысы көп қиылыстарда бағдаршамдардың сигналдары мен түрлі белгілерді қабылдау қиындығына қатысты комментарий берген еді. Сурет Бейнежазба 8 қараша 2017, 10:21 6 994 рет қаралды
"Теңізшевройлға" айыппұл салынды Басқа жаңалықтар

"Теңізшевройлға" айыппұл салынды

Бұдан бұрын хабарланғандай, жоспарлы тексеру барысында 2016 жылдың қаңтарында «Теңізшевройл» компаниясының алауында 33 млн текше метрден астам құрғақ газ жағылғаны анықталды. 2017 жылдың маусымында осы факті бойынша сот компаниядан 543 млн теңге мөлшерінде айыппұл өндіріп алды. Жақында осы хикая бойынша компанияның есепшотынан 4,8 млрд теңге мөлшерінде қоршаған ортаға тигізілген зиянды өндіру туралы сот шешімі шықты. 8 қараша 2017, 10:16 2 683 рет қаралды
Саакашвили украин депутаттарын импичмент туралы заң қабылдауға шақырды Әлемде

Саакашвили украин депутаттарын импичмент туралы заң қабылдауға шақырды

Киевте 7 қараша күні кешке Жоғарғы Радада "Үлкен саяси реформаны қолдайтын бүкілукраиналық жиын" акциясына қатысушылардың митингісі аяқталды. Митингке 500-ге тарта демонстрант қатысты. Жиналғандар алдында сөйлеген Грузияның экс-президенті, "Жаңа күштер қозғалысы" партиясының жетекшісі Михаил Саакашвили наразылық танытушылар украиналық депутаттарға "Украина президентіне импичмент жариялау туралы" заңын қабылдау жөнінде жаңа талап қоятынын мәлімдеді. Тиісті заң жобасын 31 қазанда Жоғарғы Радада фракцияға кірмейтін депутат Юрий Деревянко тіркеген. 8 қараша 2017, 10:06 2 009 рет қаралды
Сауат Мыңбаев: Офшорда ешқандай есепшотым жоқ Қазақстанда

Сауат Мыңбаев: Офшорда ешқандай есепшотым жоқ

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев "офшор компаниясының акционері екенін" және "офшорда қандай да бір есепшоты барын" жоққа шығарды. Сауат Мыңбаев бұл туралы Азаттық сауалына жолдаған жауабында айтты. 7 қараша 2017, 15:50 2 734 рет қаралды
Жамбыл облысында ауылға Нұрсұлтан Назарбаевтың анасының есімі берілді Қазақстанда

Жамбыл облысында ауылға Нұрсұлтан Назарбаевтың анасының есімі берілді

Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс шақырылған 16-шы сессиясында Қордай ауданындағы ауылға ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың анасы Әлжан ананың есімі берілді, - деп хабарлайды Jambyl телеарнасы. 7 қараша 2017, 15:43 2 534 рет қаралды
Ербол Тілешов жаңа әліпбиде «и» мен «у» әрпі неліктен апострофпен белгіленгенін түсіндіріп берді  Қазақстанда

Ербол Тілешов жаңа әліпбиде «и» мен «у» әрпі неліктен апострофпен белгіленгенін түсіндіріп берді

Жаңа әліпбиге қатысты қоғамның пікірі мен көптің уәжі ескерілетін болады. Бұл туралы Астанада «Жаңа әліпби - жаңғыру жолы» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 7 қараша 2017, 15:21 3 375 рет қаралды
Латын әліпбиіне көшу бойынша Ұлттық комиссия қашан құрылатыны белгілі болды Қазақстанда

Латын әліпбиіне көшу бойынша Ұлттық комиссия қашан құрылатыны белгілі болды

Бұл туралы Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қорының ұйымдастыруымен өткен «Жаңа әліпби - жаңғыру жолы» атты дөңгелек үстелде ҚР МСМ Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Мелдешов айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. 7 қараша 2017, 15:18 1 961 рет қаралды
"Ағайынды төртеу" қылмыстық тобының ісі сотқа жіберілді Қазақстанда

"Ағайынды төртеу" қылмыстық тобының ісі сотқа жіберілді

"Ағайынды төртеу" ұйымдасқан қылмыстық тобы мүшесінің ісі сотқа жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық прокуратурасының аппарат жетекшісі Жасұлан Дәулембаевқа сілтеме жасап. 7 қараша 2017, 11:56 2 615 рет қаралды
Үйлену оңай... Басқа жаңалықтар

Үйлену оңай...

Атырауда жылына 2 570 жұп отау құрса, есесіне жыл сайын 1 500 жұп ажырасып тұрады. Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары Рая УРАЛОВАНЫҢ мәліметіне сүйенсек, қалада ажырасуға арыз беретіндердің ең жасы 20-да болса, үлкендері 60 жасқа келгенде осындай шешімге келіп жатады. 7 қараша 2017, 11:11 3 987 рет қаралды
ОПЕК-тің бұрынғы бас хатшысы мұнай бағасы алда қалай өзгеретінін айтып берді Әлемде

ОПЕК-тің бұрынғы бас хатшысы мұнай бағасы алда қалай өзгеретінін айтып берді

2015 жылдан бері байқалмаған мұнай бағасының өсуі ары қарай жалғасады, өйткені, шикі мұнайға сұраныс қалпына келіп жатыр, - деп мәлімдеді ОПЕК-тің бұрынғы бас хатшысы Рене Ортис РИА Новости агенттігіне. 7 қараша 2017, 10:55 2 079 рет қаралды
60 минутта үлгеру керек Басқа жаңалықтар

60 минутта үлгеру керек

Жақында, 3 қазан күні Алматыдан Шымкентке бағыт алған санитарлық авиацияның АН-28 ұшағы апатқа ұшырап, ауыр диагнозы бар босанушы әйелге жәрдем етуге асыққан үш экипаж мүшесі мен екі дәрігер мерт болған еді. Осы оқиғадан кейін біз Республикалық санитарлық авиация орталығының Атырау облыстық бөлімшесінің меңгерушісі Болат ҚАЛИЕВПЕН (суретте) кездесіп, сұхбат алдық. Сурет 7 қараша 2017, 10:52 4 634 рет қаралды
Ақтөбеде атышулы ағайынды Рысқалиевтердің қарындасына тиесілі қонақ үй мемлекет меншігіне өтпеді Қазақстанда

Ақтөбеде атышулы ағайынды Рысқалиевтердің қарындасына тиесілі қонақ үй мемлекет меншігіне өтпеді

Ағаларымен бірге елден қашқан Гүлжанардың мүлкіне тиісуге сот рұқсат бермеген. Әлі құрылысы толық бітпеген нысан бірнеше жылдан бері қараусыз тұрған еді. Енді сырттай сотталған әрі халықаралық іздеудегі иесі табылмайынша солай қаңырап бос тұратын болады,- деп хабарлады КТК. Бейнежазба 7 қараша 2017, 10:21 3 108 рет қаралды
NBA жұлдыздары Астанада баскетбол жобасын бастады Қазақстанда

NBA жұлдыздары Астанада баскетбол жобасын бастады

Американың Ұлттық баскетбол қауымдастығы (NBA) Юниор лигасы Қазақстанның Ұлттық баскетбол федерациясы және Қазақстандағы АҚШ елшілігімен ынтымақтаса отырып, Junior NBA 2017-2018 юниор лигасының басталғанын жариялады. 7 қараша 2017, 10:10 2 383 рет қаралды
Астанада арандатушылық мәндегі сөздің авторына қатысты сот үкімі шықты Қазақстанда

Астанада арандатушылық мәндегі сөздің авторына қатысты сот үкімі шықты

Астананың Сарыарқа аудандық №2 сотында қаладағы аялдамалардың бірінде арандатушылық мәндегі сөзді жазып кеткен ер адамға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  7 қараша 2017, 09:51 2 663 рет қаралды