Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Ли Мён Бакке жемқорлықпен айналысты деген айып тағылды. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Пак Кын Хе де дәл осындай айыппен жауапқа тартылып, 24 жылға сотталған еді. Кейіннен прокурорлар Ли Мён Бактың ісіне кірісті.
Айта кеткен жөн, ол 2008 мен 2013 жылдар аралығында билік басында болған. Қазір қамауда отыр. Нақтырақ айтқанда оған 10 миллион 400 мың АҚШ доллары шамасында пара алды және салықтан жалтарды деген айып тағылды.
Бірақ Ли кінәсін мойындаудан бас тартты.
Дереккөз: 24.kz