
Атырауда «Таза ауа» рейді өтті.
4 мамыр күні облыстық экология департаменті мен қалалық полиция қызметкерлері бірлесіп автокөліктердің түтін деңгейін тексерді.
Рейд барысында 17 көлік қаралды.
Оның ішінде екі көлікте белгіленген нормадан жоғары түтін шығару фактісі анықталды. Бұл жағдай бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 334-бабы бойынша әкімшілік шаралар қабылданды.
Іс-шараның басты мақсаты — атмосфералық ауаның ластануын азайту, автокөліктерден шығатын зиянды қалдықтарды бақылау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Сонымен қатар рейд кезінде азаматтарға қоршаған ортаны қорғау талаптары түсіндіріліп, профилактикалық жұмыс жүргізілді.
В Атырау -10