Атырау, 23 желтоқсан 13:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Сарыағашта тағы да атыс: полиция көрші ауылдың тұрғынын өлтірген адамды іздеп жатыр

2 393 рет қаралды


Өңірде екінші рет атыс шықты, бұған дейін екі адам жараланған еді.

Оңтүстік Қазақстан облысында ер адам көрші ауылдың тұрғынын атып өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлады ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев. 

Бұл оқиға Сарыағашта дүйсенбі күні болған. Жергілікті тұрғын өзі жақтырмайтын көрші ауылдың адамын атып тастаған. Ол ауруханада көз жұмды. Полиция оқ атқан адамды анықтады, оған іздеу жарияланды.

"Күдікті іздестіріліп жатыр. Бірқатар сараптама жасалады, тергеу жүргізілуде", — деді Садубаев.  

Еске сала кетсек, дүйсенбі дәл осы Сарыағаш ауданында көрші екі ауылдың тұрғындары атыс шығарды. Оқиғаға куә болған адамдардың айтуынша, жанжал Абай ауылы мен көрші ауыл жастарының арасында туындаған. Жараланған екі адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес ақпарат бойынша үш күдікті ұсталған. 

Дереккөз: sputniknews.kz

10 сәуір 2018, 14:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.