Ақпарат құралдары бұл күнді «қара сейсенбі» деп атады. Мәскеу биржасы индекстері мен «РТС» қор биржасының көрсеткіштері 2014 жылғы акция нарығындағы дағдарыстан бері алғаш рет күрт төмендеп, көп шығынға ұшырады.
Қаржы дағдарысынан, ең алдымен, АҚШ санкцияларына іліккен кәсіпкерлер және топ-менеджерлермен байланысты компаниялар зардап шегуде.
Ресми мәліметке қарағанда, осы уақытқа дейін ең бай деген ресейліктер 16 млрд долларын жоғалтқан. Қор биржасының құлауы мемлекеттік қарыз бен валюта нарығына да кері әсерін тигізген.
Ресей рублі күрт құнсызданып, 2016 жылғы сәуірдегі деңгейге жетті.
Дереккөз: 24.kz