Facebook компаниясының бас директоры Марк Цукерберг арнайы қорғаушы Роберт Мюллердің тергеу амалдарына іліккенін айтты. АҚШ-тың ең танымал тергеушісі 2016 жылы өткен президент сайлауына Ресейдің қатысы бар екенін анықтауға тырысады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі CNN басылымына сілтеме жасап.
Марк Цукерберг сенатор-демократ Патрик Лихидің сұрағына: «Иә, арнайы қорғаушы Facebook жұмысын тексеруде» деп жауап берді. Сондай-ақ ол Facebook қызметкерлерінің жауапқа алынғандығын да растады. Алайда, өз тарапынан Цукерберг жұмыскерлеріне тергеу жүргізбеген.
«Мен мұқият болғым келеді, өйткені біздің арнайы қорғаушымен жұмысымыз құпия. Ашық түрде ешнәрсе айта алмаймын», - дейді бас директор.
Айта кетейік, Цукерберг Конгресс алдында алғаш рет жауап берді. Ол Сенат пен сот комитеттерінің біріккен отырысында жауапқа алынды. Бұл тыңдалымдар мен тергеу жұмыстары Facebook компаниясына айып тағылған соң 1 айдан кейін басталып отыр. Cambridge Analytica ақпараттық фирмасы президент Дональд Трамптың сайлауалды кампаниясына Фейсбукке тіркелген 87 млн адам туралы ақпаратты заңсыз алып, таратқан деген айып тағылған. Facebook компаниясы бұл істе бейхабар болғандарын айтады.
Дереккөз: Baq.kz