Атырау, 15 желтоқсан 14:56
 ашықВ Атырау -6
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

Санкция кесірінен Олег Дерипаска қанша миллиардтан айырылды?

1 525 рет қаралды


Аллюминий өндіретін US Rusal компаниясының негізгі иесі Олег Дерипаска АҚШ қаржы министрлігі миллиардерге қатысты санкция жүргізгеннен кейін, дәулетінің 1 млдр-дынан астамын жоғалтты. Бұл туралы Bloomberg Billionaires Index жазды.

Егер 5 сәуір күні Дерипасканың байлығы 7,78 млрд долларға бағаланса, 6 сәуір күні, яғни санкция енгізілген күні Bloomberg оның байлығын 6,63 млрд долларға бағалады.

Гонконгтық биржада Rusal компаниясының акциясы 50 пайызға, ал Мәскеу биржасында шамамен 60 пайзға төмендеді (25-тен 15 рубльге дейін). Алайда сауда-саттық барысында құнды қағаз акциясына 21 рубльден жоғары деңгейге тұрақтанды. Бұл соңғы сауда-саттық сессиясының жабылуы кезіндегі көрсеткіштен 24 пайызға аз болды.

Дереккөз: 7kun.kz

10 сәуір 2018, 15:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.