Жуырда полиция пәтер ұрлығын кәсіп еткен үш адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады.
Тонаушылар көбінесе Көкарна, Тасқала ықшамаударындағы үйлерге ұрлыққа түскен. Олар үй иесінің жоқ кездерін пайдаланып отырған. Олар айналысушылар көбінесе алтын бұйымдарды жымқырғаны анықталып отыр. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.
Облыстық ІІД баспасөз тобының қызметкері Назымгул ҚАЙСАҒАЛИЕВАНЫҢ мәлімдеуінше, жыл басынан бері 40-тан астам пәтер ұрлығы ашылған.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА