Атырау, 19 мамыр 21:30
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Бас прокуратура мен ФТБ ұрланған 2,7 миллион долларды қайтарды

1 549 просмотра


Бас прокуратура миллиардтаған қаржы ұрлады деген күдікпен Samsung Electronics компаниясының бұрынғы қызметкерін АҚШ-тан Қазақстанға қайтару бойынша шаралар қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Компанияның бұрынғы қызметкері Т.Ж. Наурызбаевты елге қайтару Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен АҚШ Әділет департаментінің Тергеу федералды бюросы арасындағы ынтымақтастығының нәтижесінде мүмкін болды. Т.Ж.Наурызбаев 4 миллион доллардан аса қаражатты қолды қылған.  

Тараптардың үйлесімді жұмысының арқасында жәбірленуші компанияға қаражатының көп бөлігі (2,7 миллион АҚШ доллар) өндірілді. Өткен жылдың соңында Наурызбаев Қазақстанға АҚШ-тан депортацияланды. 

Ол биылғы жылдың ақпан айында Медеу аудандық соттың үкімімен Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағымен кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылған. 

Дереккөз: tengrinews.kz

10 сәуір 2018, 16:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.