Атырау, 23 желтоқсан 14:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Лас-Вегаста Головкиннің жекпе-жегі өтпейтіндігі ресми айтылды

2 098 рет қаралды


Boxingtalk.com дерегіне сәйкес, Невада штатындағы Атлетикалық комиссия (NSAC) Лас-Вегастағы MGM Grand аренада 5 мамырға жоспарланған Геннадий Головкиннің жекпе-жегі өтпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sports.kz

Енді боксшы 5 мамыр күні рингке шығып жатса, жекпе-жек Лос-Анджелес қаласының сыртында орналасқан Карсоне қалашығында, StubHub Center шаршы алаңында өтпек. 

Айта кетсек, бұған дейін BoxRec.com сайты да GGG келесі жекпе-жегі  өтетін орын ретінде Карсонды белгілеген еді. Әзірге Головкиннің нақты қарсыласы да анықталған жоқ. Болуы мүмкін кандидаттар арасында ирландиялық Гэри О Саливан мен украиналық Сергей Деревянченко бар. 

АҚШ боксшысы Ванес Мартиросянның кандидатурасы бұл тізімнен алынып тасталды.

Дереккөз: inform.kz

11 сәуір 2018, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.