Атырау, 24 желтоқсан 09:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Барлық жаңалық

Каспий теңізіндегі Ресей әскери кемелері ұрыс жағдайына өтті  Әлемде

Каспий теңізіндегі Ресей әскери кемелері ұрыс жағдайына өтті

Каспий теңізіндегі Ресейдің әскери кемелері ұрыс жағдайына өтті. ТАСС ақпарат агенттінің мәліметінше, Ресей әскери теңіз күштерінің Каспий флотилиясының 30 кемесі мен 1,5 сарбаздан тұратын жеке құрамы соғысқа дайындық бұйырығы бойыша ұрыс жағдайына өткен. 19 шілде 2019, 15:35 3 772 рет қаралды
Путин және Лукашенко одақ мәселесін талқылау үшін тағы кездесті Әлемде

Путин және Лукашенко одақ мәселесін талқылау үшін тағы кездесті

Ресей президенті Владимир Путин 18 шілдеде Санкт-Петербургте Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесті. Екі ел басшылары 1990 жылы қол қойылған, тек қағаз жүзінде ғана бар одақ жайлы келісім аясында әріптестікті дамыту мәселесін талқылады. 19 шілде 2019, 15:12 2 222 рет қаралды
Қанша қу болса да, «Кордон» мен радардан құтылмайды Басқа жаңалықтар

Қанша қу болса да, «Кордон» мен радардан құтылмайды

Армениядан әкелінген автомобильдерді тіркеу мәселесі шешілгенше, Атырау полициясы осы көліктердің ереже бұзған жүргізушілерін жауапкершілікке тарту жолдарын іздестіріп, тауып та жатыр. 19 шілде 2019, 13:25 4 067 рет қаралды
Қазақстандықтар қауіпсіздік сертификатын орнатуға міндетті ме? Вице-министр жауап берді Қазақстанда

Қазақстандықтар қауіпсіздік сертификатын орнатуға міндетті ме? Вице-министр жауап берді

Мобильді операторлар қазақстандық абоненттерге интернет желісіне қосылатын барлық құрылғыларға қауіпсіздік сертификатын орнату туралы хабарлай бастады. Осы мәселе туралы Үкімет үйінде өткен брифингте Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов түсініктеме берді. 19 шілде 2019, 13:12 2 412 рет қаралды
Асқар Мамин Арысты қалпына келтіру жұмыстарын тексерді Қазақстанда

Асқар Мамин Арысты қалпына келтіру жұмыстарын тексерді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Арыс қаласындағы зардап шеккен үйлерді, әлеуметтік нысандар мен инженерлік желілерді қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.  19 шілде 2019, 12:23 2 357 рет қаралды
Өзіңдікі болса, алып кет Басқа жаңалықтар

Өзіңдікі болса, алып кет

Қалалық №2 полиция бөлімінің қызметкерлері 35 жастағы жергілікті тұрғынды ұстап, одан қылмыстық жолмен табылған 30 түрлі бұйымды тәркіледі. Тәртіп сақшылары жәбірленушілерді табу үшін тағы да әлеуметтік желілерге жүгінді. 19 шілде 2019, 11:08 2 702 рет қаралды
Газ төңірегіндегі толқулар Басқа жаңалықтар

Газ төңірегіндегі толқулар

Мұнайлы астананың автокөлік иелері бір апатадан бері газ тапшылығын сезінуде. Жанармай бекеттерінің бірінде көгілдір отын мүлдем жоқ болса, енді бірінде, жүргізушілердің айтуынша, баға 55-тен  90 теңгеге дейін шарықтап кеткен. «АЖ» тілшісі бұған көзін жеткізу үшін бірнеше жанармай бекеттерін аралап шықты. Бейнежазба 19 шілде 2019, 10:37 3 885 рет қаралды
Аружан Саин бала құқығы жөніндегі уәкіл болып тағайындалды Қазақстанда

Аружан Саин бала құқығы жөніндегі уәкіл болып тағайындалды

Аружан Саин Қазақстанның бала құқығы жөніндегі омбудсмені қызметіне тағайындалды. Ақорда сайты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың осындай жарлыққа қол қойғанын хабарлады. Саинды тағайындау туралы қаулыдан бұрын бала құқығы жөніндегі бұрынғы уәкіл Сәуле Айтпаеваның бұл қызметтен босатылғаны хабарланған. 19 шілде 2019, 10:34 2 425 рет қаралды
Саяси қақтығыс: АҚШ Түркияны F-35 ортақ бағдарламасынан шығарып тастады Әлемде

Саяси қақтығыс: АҚШ Түркияны F-35 ортақ бағдарламасынан шығарып тастады

Түркияның Ресеймен серіктестік құруы саяси қақтығыстарға ұласып, Анкараның Құрама Штаттарымен байланысына нұқсан келтірді. Бүгін АҚШ ресми түрде Түркияны F-35 жойғышын құруға арналған ортақ бағдарламадан шығарып, арнайы келісімшарттың күшін жойды. Енді аталған ұшақ Анкараға сатылмайды. Осыған дейін Режеп Тайып Ердоған дәл осы F-35 жойғышының 100 данасын сатып алуға 1,5 млрд доллар алғашқы жарнасын төлеген. Енді салған қаражат та, әуе флотын жаңартуға арналған ұшақтар да берілмейді.  19 шілде 2019, 10:31 3 260 рет қаралды
Жигули түйеге соғысып, үш адам қаза болды Басқа жаңалықтар

Жигули түйеге соғысып, үш адам қаза болды

14 шілдеге қараған түні Атырау-Құлсары трассасының Ескене елді мекені тұсында "ВАЗ 2104" жолда тұрған түйеге соқты. Жүргізушінің ұқыпсыздығынан үлкен қайғы орын алды: үш адам сол жерде қаза болып, екеуі облыстық ауруханаға жеткізілді. 18 шілде 2019, 20:44 3 486 рет қаралды
Қырылған балық туралы іс: куәгерлерден жауап алу Басқа жаңалықтар

Қырылған балық туралы іс: куәгерлерден жауап алу

№2 қалалық сотта өткен жылдың желтоқсан айында Жайық өзеніндегі балықтың жаппай қырылуы туралы іс бойынша сот процесі жалғасуда. Осы отырыста алдымен жәбірленушінің тағы бір өкілі тыңдалып, содан кейін куәгерлерге сөз берілді - іс бойынша олардың саны 30-ға жуық, бұдан да көбеюі мүмкін.     Сурет Бейнежазба 18 шілде 2019, 16:25 4 315 рет қаралды
Облыстық сот судьясы алаяқтық үшін сотталды Қазақстанда

Облыстық сот судьясы алаяқтық үшін сотталды

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті Ақтөбе облыстық сотының бұрынғы судьясы Ж. Төленовке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz 18 шілде 2019, 15:22 3 138 рет қаралды
Зеленский: Путин "тұтқынға тұтқын" алмастыруды ұсынды Әлемде

Зеленский: Путин "тұтқынға тұтқын" алмастыруды ұсынды

Украина президенті Владимир Зеленский 2018 жылы қараша айында Керчь бұғазында ұсталған 24 украиналық теңізшіні ресейлік тұтқындарға алмастыруды ұсынды. Зеленский мұндай ұсынысты 17 шілдеде "Президентпен ашық әңгіме" бағдарламасында айтты. Зеленскийдің пікірінше, бұл Ресей мен Украина арасындағы жанжалды тоқтатып, өзара диалог орнатуға жол ашар еді. 18 шілде 2019, 15:18 2 462 рет қаралды
Премьер-министр Мамин Атырауға келді Басқа жаңалықтар

Премьер-министр Мамин Атырауға келді

17 шілдеде ҚР Премьер-министрі Асқар МАМИН Атырау облысына жұмыс сапарымен келді.  Үкімет басшысы облыстың бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарын аралады. Соның ішінде  АМӨЗ, «Атыраумұнаймаш» ЖШС, «Шеврон» компаниясының Атырау полиэтилен құбырлары зауытына барды.  «Ұлттық өнеркәсіптік мұнай-химия технопаркі» СЭА жұмысымен де танысты. Кеште ТШО ғимаратында ол мұнай-газ саласындағы жергілікті қамту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Толықтырылды Сурет Бейнежазба 18 шілде 2019, 11:21 5 174 рет қаралды
АҚШ Венесуэла оппозициясына 42 млн доллар қаржы бөлмек Әлемде

АҚШ Венесуэла оппозициясына 42 млн доллар қаржы бөлмек

Құрама Штаттар Венесуэла оппозициясын қолдауға 40 миллионнан астам доллар бөледі. Негізі бұл қаражат Орталық Америкаға гуманитарлық көмек ретінде берілмек. Халықаралық даму агенттігінің Конгреске жолдаған қызметтік хатын "The Los Angeles Times" газеті жариялады. 18 шілде 2019, 11:04 2 195 рет қаралды
Қазақстанға аударылатын қаржы көлемі бір жылда 30 пайызға өсті  Қазақстанда

Қазақстанға аударылатын қаржы көлемі бір жылда 30 пайызға өсті

Қазақстанға аударылған ақша аударымдарының 60 пайыздан астамы Ресей мен Оңтүстік Кореядан жіберілуде. Елімізге аударылған қаржының жалпы көлемі бір жылда 31 пайызға өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.  18 шілде 2019, 11:00 3 134 рет қаралды
Эрбилдегі шабуыл кезінде түрік дипломаты қаза тапты Әлемде

Эрбилдегі шабуыл кезінде түрік дипломаты қаза тапты

Күрдістан автономиясының әкімшілік орталығы Эрбилде белгісіз біреу түрік дипломаттары отырған мейрамханаға шабуыл жасап, оқиға салдарынан екі адам қаза тапқан. Оның бірі Эрбилдегі Түркия елшілігінде істеген. Бұл ақпаратты жергілікті билік дерегіне сүйенген Reuters агенттігі хабарлады. Шабуылдаушы тез жасырынып үлгерген. 18 шілде 2019, 10:57 2 080 рет қаралды