Атырау, 20 сәуір 08:58
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Асқар Мамин Арысты қалпына келтіру жұмыстарын тексерді

2 184 просмотра


ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Арыс қаласындағы зардап шеккен үйлерді, әлеуметтік нысандар мен инженерлік желілерді қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі. 

Қазір Арыс қаласында 1544 жекеменшік тұрғын үйде құрылыс жұмыстары аяқталған, 7089 жеке тұрғын үйде және 96 көпқабатты үйде қалпына келтіру және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұрғындардың 4683 үйлерінде жұмыстар жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 126 жекеменшік үйде және 1 көпқабатты үйде жүргізілуде. 66 әлеуметтік нысаннан 62-сінде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, жаңа құрылыс 4 нысанда жүріп жатыр. 

Арыс қаласындағы қалпына келтіру жұмыстарына 207 компания, 7073 жұмыскер, 265 арнайы техника тартылған. ҚР Үкіметінің басшысы Арыс қаласының тұрғындарымен кездесу кезінде қаланы қалпына келтіру бойынша жұмыстарға барлық өңірлер, ұлттық компаниялар, еліміздің ірі бизнес өкілдері белсене қатысып жатқанын атап өтті. 

ҚР Премьер-Министрі зардап шеккен бизнес нысандарын, көлік және инженерлік инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстарының қарқынын төмендетпеуді, сондай-ақ денсаулық сақтау және білім беру нысандарын дайындау бойынша кешенді шаралар қабылдау тапсырды.

Дереккөз: ҚазАқпарат


19 шілде 2019, 12:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.