Трамп Қазақстанға санкция енгізуден бас тартты

2 886 рет қаралды


АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстанға санкция енгізуден бас тартты, – деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі. 

2018 жылы шілдеде АҚШ Сауда министрлігі Қазақстанның уран импортына сауда шектеулерін енгізу туралы бастама көтерген болатын. Таяуда Ақ үй басшысы бұл шешімді қолдаудан бас тартты. Қазіргі уақытта энергетикалық әріптестік жөніндегі бірлескен комиссия шеңберінде ядролық қауіпсіздік, атом өнеркәсібі, мұнай және газ, жаңартылатын энергия көздерін және электр энергетикасын дамыту саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқылануда. 

ҚР Энергетика министрлігі таратқан хабарламада: «Қазақстан атом өнеркәсібіндегі екі жақты ынтымақтастықты дамытуға және таратпау режимін нығайтуға зор мән береді. Екі жақты комиссиялар, іс-шаралар мен жеке кездесулер шеңберінде Энергетика, Сыртқы істер және Ұлттық экономика министрліктері ҚР ұлттық мүдделерін қорғау және уран импортына санкцияларды қолдануды болдырмау жөнінде жұмыстар атқарды. Қазақстан Республикасы уран өндірісінде көшбасшы мемлекет және бүкіл әлем бойынша АҚШ-ты қоса алғанда АЭС-тің үздіксіз жұмыс істеу кепілдерінің бірі болып табылады. Қазақстанда жер асты ұңғылма сілтсіздендіру әдісімен уран өндіру технологиясы МАГАТЭ-мен ең экологиялық және қауіпсіз тәсіл деп танылды», – делінген. 

2015 жылы Қазақстаннан АҚШ-қа табиғи уранның экспорты 1153,5 тонна, 2016 жылы 1813 тонна болған. 2017 жылы 948 тоннаға жетіп, бұл экспорт жалпы көлемінің 4,1%-ын көрсеткен (23 258 тонна). Ал 2018 жылы 399,8 тонна болды, бұл экспорт жалпы көлемінің 1,95%-ы (20452 тонна). 

Дереккөз: qazaqtimes.com 

18 шілде 2019, 10:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.