Атырау, 26 сәуір 12:44
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Қазақстандықтар қауіпсіздік сертификатын орнатуға міндетті ме? Вице-министр жауап берді

2 165 просмотра


Мобильді операторлар қазақстандық абоненттерге интернет желісіне қосылатын барлық құрылғыларға қауіпсіздік сертификатын орнату туралы хабарлай бастады. Осы мәселе туралы Үкімет үйінде өткен брифингте Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов түсініктеме берді.

Оспановтың айтуынша, бұл норма 2015 жылы «Байланыс туралы» заңға енгізілген. 

«Бүгінде операторлар тұрғындарға құрылғыларына техникалық қауіпсіздік сертифкатын орнату мүмкіндігін беруге міндетті", - деп атап өтті Абылайхан Оспанов. 

Ол аталмыш қауіпсіздік сертификаттары халыққа өздерінің жеке мәліметтерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп, олар қорғалмаған интернет-ресурстарға қосылған кезде қорғалады.

«Жақсы артықшылықтары бар. Ол сізге фишингтік сайттарға бармауға мүмкіндік береді. Сізді хакерлік шабуылдар кезінде бір сайттан басқа сайтқа жіберген кезде сақтаған жеке мәліметтеріңіздің жайылып кету қаупі барын білесіз. Бұл сіздің төлем карталарыңыз және сіз жүргізетін барлық транзакциялар туралы мәліметтер болуы мүмкін. Орнату ерікті түрде. Сізге осындай мүмкіндік беріледі, орнатасыз ба, жоқ па ол өз еркіңіз», - деді Оспанов. 

Оның сөзінше бұл тек Нұр-Сұлтан қаласында жүзеге асырылатын пилоттық жоба.

«Сіз сертификатты орнатпасаңыз да интернет өшірілмейді. Сізге толық қолжетімді болады. Көрейік. Менде VPN жоқ, интернетпен проблемалар жоқ», - деді Оспанов.

Сондай-ақ, ол қауіпсіздік сертификатын орнату туралы хабарлама оған келмегенін атап өтті.

«Маған әлі келмеді. Қалай келеді, солай міндетті түрде өзіме, балаларыма орнатамын. Яғни, сіз қандай да бір интернет-ресурстарға кіресіз де түсініксіз баннерлерді көресіз. Ал оны балаларымыз басып, сол сайтқа ауысуы мүмкін. Осындай қауіпсіздік сертификаты болса балалар мұндай ресурстарға өте алмайды. Осылайша, сіздің жеке мәліметтеріңіз ешқайда кетпейді», - деді Оспанов.

Дереккөз: baq.kz  

19 шілде 2019, 13:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.