Атырау, 11 желтоқсан 21:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 518.39
€ 603.09
₽ 6.68

Барлық жаңалық

Табиғатпен тілдескен дауылпаздар Мәдениет

Табиғатпен тілдескен дауылпаздар

…Әуелі бук аспабының дыбысы естілді, төмен де терең  үн  ұзақ әрі тұңғиыққа қарай ұзап барады; бұл ән салған бұлттар болатын. Оның артынша созылыңқы әрі тереңдей түскен чин аспабы сыбдыр қақты; бұл жел болатын. Кенет кквэнгари аспабының жарқын да сыңғыр  үні күркіреп жетті; бұл найзағай еді. Жаңбыр тамшыларын көз алдымызға елестеткен ұяң әрі қатаң дыбыстарды әуездеткен чангу аспабына да жан бітті.  18 тамыз 2011, 17:26 4 523 рет қаралды
«Партия  қайда болса...» Қоғам

«Партия қайда болса...»

«Өзенмұнайгаз»  мұнайшылары  жаппай «Нұр Отаннан» шығып жатыр Тамыздың 8-і күні  ереуілдеткен мұнайшылар «Нұр Отан» партиясының төрағасы   Н.Назарбаевтың атына үндеу-хат жолдап, өздерінің партия қатарынан шығатындықтарын мәлімдеген. 11 тамыз 2011, 19:50 3 740 рет қаралды
Болашағы бұлыңғыр жобалар Қоғам

Болашағы бұлыңғыр жобалар

Жұмыссыздық - бүгіннің, жаңа жобалар - ертеңгі күннің еншісінде «Болашақ» зауытындағы мұнай мен газ дайындау қондырғыларының құрылысы аяқталатындықтан Қарабатандағы қысқартулар жалғасуда. Тек биылғы жылдың өзінде-ақ 7 мыңнан аса жұмысшы жұмыстан босады. Оның 4 мыңы Атырау облысының тұрғындары. Бұрын билік жұмыстан босағандарды басқа бір кең ауқымды жобаларға тартуды жоспарлаған еді. Алайда, бұл жобалардың жүгіртпе талдауларының өзі  бұрынғы «қарабатандықтардың» болашағы үшін алаңдатарлықтай жағдай туғызуда.  11 тамыз 2011, 20:00 3 765 рет қаралды
Байшонас босып кеткелі отыр Қоғам

Байшонас босып кеткелі отыр

Байшонас туралы «АЖ» («Адыра қалған Байшонас», «АЖ» №19, 12 мамыр 2011 жыл) бетінде материал жарық көргелі үш ай өтті. Алайда ашулы халық қоңыраулатқан соң тағы барғанбыз. Олар өздерінің мәселесі шешілмесе шеруге шығатындарын айтып отыр. 11 тамыз 2011, 20:03 7 497 рет қаралды
Жалынға оранған «Көктем» көзге жас алдырды Басқа жаңалықтар

Жалынға оранған «Көктем» көзге жас алдырды

9 тамыз күні  таңда Авангард мөлтек ауданындағы  «Көктем» сауда кешенінде өрт басталды. Сауда орталығы төрт  сағат бойына өрт құшағында қалды. Нәтижесінде  жалпы алаңы 1 728 шаршы метр болатын ғимараттың бір бөлігі толығымен жанып кетті. Зардап шеккендер болған жоқ. Өрттің шығу себебі әзірге анықталмай отыр. 11 тамыз 2011, 15:33 4 418 рет қаралды
ЖИН-сіз 2012 жылы өмір сүре алмайсыз Басқа жаңалықтар

ЖИН-сіз 2012 жылы өмір сүре алмайсыз

Алғаш рет жеке идентификациялық нөмір туралы осыдан үш жыл бұрын айтыла бастады. Бастапқыда ең ақырғы мерзім деп 2010 жылдың 13 тамызы аталған болатын. Алайда, халық енжарлық танытқан соң мерзімін  2012 жылға дейін ұзартуға тура келді. Бірақ бұл соңғы мерзім, ал келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР әрбір азаматының өзінің жеке нөмірі болуы тиіс. 11 тамыз 2011, 20:09 11 916 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Жемқорлық қай батпақта мекендейді?

Алматы қаласында қазақстандық Үкіметтік емес ұйымдар (оның ішінде атыраулық), мемлекеттік құрылымдар, сондай-ақ, халықаралық ұйымдардың қатысуымен «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық: Қауіптіліктегі қауіпсіздік!» атты дөңгелек үстел болып өтті. 11 тамыз 2011, 16:00 2 926 рет қаралды
Сақтандырылған адамдардың өмірі емес, мұнай мұнаралары Басқа жаңалықтар

Сақтандырылған адамдардың өмірі емес, мұнай мұнаралары

12 тамыз Каспий күні атыраулық қоғамдық ұйым өкілдері Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен «Каспий аймағын қорғау және тұрақты дамыту» қоғамдық Комитетін құруды көздеп отыр. 11 тамыз 2011, 16:16 3 572 рет қаралды
Өрт сөндірушілер балаларды құтқарып қалды Басқа жаңалықтар

Өрт сөндірушілер балаларды құтқарып қалды

Тамыздың 3-і күні Мақат поселкесінде өрт оқиғасы орын алған болатын. Сол күні түтін иісіне алаңдаған поселкедегі бес қабатты үйдің тұрғындары өрт сөндіру қызметіне түскі сағат 12.37-де 22-ші пәтерден түтін шығып жатқандығы туралы хабарлаған.   11 тамыз 2011, 16:06 3 295 рет қаралды
Жоғалмайтын әмиян Экономика

Жоғалмайтын әмиян

Қазақстанда электронды ақшаны заңдастырды. Парламент ҚР-ның «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» «Қазақстан Республикасындағы банктер мен банк қызметі туралы», «Төлемдер мен ақша аударымдары туралы» Заңдарына, ҚР-ның «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне және Салық Кодексіне сәйкес өзгертулер мен толықтырулар енгізді. 11 тамыз 2011, 15:48 8 510 рет қаралды
Ет бағасын карантин құрықтай ма? Басқа жаңалықтар

Ет бағасын карантин құрықтай ма?

Дүйсенбі күні ветеринарлар Батыс Қазақстан облысынан Атыраудың мал сою цехтарына мал әкелуге рұқсаттарын берді.  Бұл ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау инспекциясының бастығы Нығмет ЖАҚБАЕВТЫҢ хатын негізге алып жасалынды. 4 тамыз 2011, 21:16 4 617 рет қаралды
Атыраулық 39 бала вагон-мейрамханадан уланды Басқа жаңалықтар

Атыраулық 39 бала вагон-мейрамханадан уланды

Алматы облысының «Әльтаир» сауықтыру лагерінен қайтып келе жатқан біздің балаларымыздың бір тобы Алматы-Атырау пойызының мейрамханасында дайындалған тартылған еттен  уланып қалды. 4 тамыз 2011, 21:10 4 402 рет қаралды
Қаланы қара тұман тағы басты Экология

Қаланы қара тұман тағы басты

Сейсенбі күні түске қарай редакцияға қалалық қалдық алаңында кезекті өрттің орын алғандығы туралы хабар түсті. Ондағы өрттің болғаны рас екен. Қоқыс алаңы қалың түтінге оранып, ащы қара түтін шығысқа – Ақжар поселкесіне қарай кетіп жатты. 4 тамыз 2011, 15:22 6 936 рет қаралды
Экология

Магниттік дауыл тұрады

4-5 тамызда Жер бетінде 2 тамызда Күн нұрынан тұтанған  алаудан кейін пайда болған магниттік дауыл соғуы мүмкін. Бұл туралы «Ақ Жайық» газетінің редакциясына Алматыдағы Қазақстан Республикасының ионосфера институтының қызметкері Ирина ЦЕПАКИНА хабарлады. 4 тамыз 2011, 16:36 3 523 рет қаралды