Атырау, 26 қараша 18:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Мекен-жайға тіркелу қанша тұрады?

3 677 просмотра

Атырауда пысықай қала тұрғындары еңбек мигранттарын өздерінің тұрғын үй алаңдарына жалған есепке тіркеп, табыс таба бастаған.

«Қалаға уақытша және тұрақты есепке тіркеймін», «Басқа жақтан келушілерді уақытша тіркеймін», «Өз үйіме тіркеймін» - деген хабарландырулар көбейіп кеткен. Мұндай ұсыныстарға сұраныстар да көп. Ал мұның бәрі 2011 жылдың тамызынан басталды. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске түзетілімдер енгізіліп, соған сәйкес, қазақстандық тікелей өзі есепке тұрған пәтерде немесе үйде тұруы тиіс, олай болмаған жағдайда, оған айыппұл салынады делінген. Жаңа енгізілімдер есепке тіркелген жері нақты тұратын мекен-жайынан ерекшеленетін азаматтарға және өз үйіне басқа жерде тұратын тұлғаларды тіркеген адамдарға да қатысты болды.  

Атырау қаласындағы пәтерлер мен үйлерге басқа қалада тұратын қазақстандықтарды тіркеу «бағалары» уақытша үш ай үшін 5-10 мың теңгеден бастап бір жылға «тұрақты» тіркеу үшін 30-40 мың теңгеге дейінгі аралықта. Гүлмираекі пәтерін жалға беріп, ал қосымша табыс ретінде шын мәнінде тұрмайтын жандарды уақытша есепке қояды екен:

– Егер осындай жолмен ақша табуға болатын болса, неге жасамасқа? Бірақ таяу шетелдің азаматын есепке қою қиындау, Өйткені оларды тіркеу көші-қон полициясы арқылы жүргізіледі. Ал ондағылар әрқайсысында 15 шаршы метр тұрғын үй алаңынан кем болмауын қадағалайды. Сондықтан оған бірнеше ай бұрын кезекке тұрады, оның құны қазақстандықтарға қарағанда қымбат. Біздің азаматтарға қатысты оңай, оларды еш ресми рәсімсіз ХҚО арқылы есепке қояды.

Ал ІІД көші-қон полициясы басқармасының бастығы Берік АМАНГЕЛДІНІҢ комментарийі:

– Үш айдан астам уақытқа уақытша тұруға, қонаққа, оқуға, тәжірибеден өтуге немесе емделуге келген ҚР азаматтары жалпы тәртіпте бұрынғы есепке тіркелген орыннан шығарылмай, бір жылға дейінгі мерзімге уақытша тіркелуі тиіс. Азаматтарды тіркеу баспананың өз меншігіне, соның ішінде жалдау келісімшарты бойынша алынғанын растайтын құжаттар негізінде, сонымен қатар тұрғын үйдің меншік иесінің есепке тұрғызуға келісімі болған жағдайда жүзеге асырылады.  

Біздің мемлекеттің аумағында мекен-жайға тиісті тіркеусіз тұру ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 377-бабын бұзу болып табылады. Бұл норманы бұзушы ескерту алуы немесе 5 АЕК (9 260 теңге) мөлшерінде айыппұл төлеуі мүмкін. Өз баспанасына іс жүзінде тұрмайтын тұлғаларды тіркеген азаматтар үшін ӘҚтК-тің 378-бабына сәйкес: жеке тұлғалар үшін 5 АЕК, шағын және орта бизнес субъектілері үшін 15 АЕК (27 780 теңге), ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 20 АЕК (37 040 теңге) айыппұл қарастырылған.  

«Ақылы түрде есепке тіркеу» қызметі заңсыз ғана емес, оны пайдаланушыларды қолайсыздықтарға ұшыратады. Өйткені тұрғын үй алаңының меншік иесі кез-келген уақытта «клиентіне» хабардар етпестен, оны есептен шығарып тастай алады. Сондықтан ол әрі ақшасыз, әрі тіркеусіз қалуы мүмкін.

Тамара СУХОМЛИНОВА

5 ақпан 2014, 11:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.