Атырау, 26 қараша 18:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Төрт аяқты «балықшы»

2 909 просмотра

Гитлер есімді итті мұз үстінде көргенде Балықшыдағы балықшылар оны иесінен артық құрметтейтін шығар. Бұл былай қарағанда кәдімгі жәй ит: аяқтары қысқа, құлағы салбыраған, көзі жәудіреген... Алайда оның жұрттың бәрі жақсы көретін (аттасынан айырмашылығы) бір ерекше қасиеті бар.

Гитлер күн сайын иесімен бірге балық аулауға шығады. Дұрысы, балықты иесі аулайды, ал ит қасында күзетіп отырады. Сырттай қарасаң, күлкілі көрініс: мұз үстінде өткір жел қысқа жүнді досымыздың дегбірін қашырады, екі аяғын кезектестіріп, бірінің үстіне бірін салып, жылытқандай болады. Кейде есінеп қояды, алайда кезекшілігін тастар емес.

- Кет үйге, ақымақ! – деп тағы бір қайталады балықшы. – Үсіп өлесің ғой...

Алайда тыңдайтын ол жоқ, иесінің етігін ықтап тұрып, екі көзін үкіден алмайды. Ал мұз бетіне балық шыққан бойда оны аузымен мұқият тістеп, үйге тасиды. Балықты жеткізген соң, еш кідірместен кері қайтады.

- Мен мұны оған үйреткен жоқпын, - дейді ит иесі. – Күшік кезінен бері қысы-жазы артымнан бір қалмайды. Қанша қашып кетейін десем де, бәрібір тауып алады. Қайда жүрсем де, қасымнан бір елі қалмай, маған көмектескенін парыз санайтын сияқты.

Айтпақшы, балықшылар қазір қарагөз жақсы жүріп жатыр дейді. Аулаған балықтары ескі тоңазытқыштардың мұздатқыштарынан жасаған жәшік-отырғыштарына әрең сыяды екен. Алайда барлығында мұндай көмектесетін сабалақ жоқ, сондықтан өздеріне тасуға тура келеді.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген автор

6 ақпан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.