Атырау, 26 қараша 18:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қарызды өтеу парыз

2 900 просмотра

Ұлттық банктің облыстық филиалында 2013 жылдың қорытындылары бойынша брифинг өтті.

ТҰТЫНУШЫЛАР НЕСИЕСІН ШЕКТЕДІ

Екінші деңгейлі банктерге салынған салымдар 2014 жылдың 1 қаңтарында 147,9 млрд теңгені (2013 жылдың 1 қаңтарында 98,7 млрд теңге) құрады. Оның ішінде жеке тұлғалардың салымдары 80,4 млрд теңгені (қайта есептегенде жан басына шаққанда 141,8 мың теңге жинақ) құрады. Алайда қарыздар туралы мәліметтер көңіл көншітпейді.

2013 жылғы қаңтар-желтоқсан айларындағы қарыздар 266,3 млрд (2012 жылы – 187,1 млрд) теңгені құрады. Оның ішінде халық екінші деңгейлі банктерден 106 млрд теңге (жан басына шаққанда 187,3 мың теңге, яғни, жинақталғаннан көп) қарыз алған.

Ұлттық банктің облыстық филиалындағылар 2013 жылы қарыздардың артқанын белгілепті: құрылыс пен қайта жарақтауға 4,2 млрд теңге (2012 жылы 2,8 млрд теңге), құрылыс пен баспана алуға -  9 млрд теңге (2012 жылы 8,3 млрд теңге) берілген. Облыстық филиалдағылар бұл бағытты тұтыну несиесі (2012 жылы 57,2 млрд теңгеге қарсы 89,7 млрд теңге) көлемінің өсуіне қарағанда оңды деп отыр. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ұсынылған қарыздар 2012 жылдың деңгейінде дерлік – 25 млрд теңге шамасында қалып отыр.

Жалпы екінші деңгейлі банктердегі қарыздар бойынша бережақ 2013 жылдың 1 желтоқсанында 18,4 млрд теңгені (2012 жылдың 1 желтоқсанында 11,1 млрд теңге) құрады. Төлеу мерзімін кешіктірудің басым бөлігі жеке тұлғалардың еншісінде. Бұл негізінен кепілзатсыз тұтыну несиелері бойынша. Осыған байланысты тұтыну несиесін беруді шектеу ұйғарылды. Ұлттық банктің Атырау филиалының басшысы Қозыбақ ҚҰЛБАРАҚОВТЫҢ айтуынша, бекітілген негізгі нормативтерге сәйкес, жыл сайынғы тұтыну несиесі портфелінің артуы 30 пайызға шектелуі, тұтыну несиесі бойынша қайтарым сомасы нақты тұтынушының 50 пайыз жалақысынан аспауы тиіс.

– Бұрын егер 10 адам банктерге тұтыну несиелері үшін жүгініп, олардың бәрі несиеге қол жеткізе алса, енді қазір он адамның 3-4-уі ғана несие алады, - дейді Құлбарақов.  

Тұтыну несиелерінің кең таралғандығын және олар бойынша өтеу мерзімінің кешіктірілетіндігін ескерсек, кейбір депутаттар жеке тұлғалардың банкротқа ұшырауы туралы заң қабылдау қажеттігі туралы (Ресей үлгісімен) әңгіме қозғай бастады.

 

МОНЕТАНЫ СЫЙҒА ТАРТАДЫ

2013 жылы Атырау облысының халқы айырбастау нүктелерінен 157,3 млн доллар (656 млн доллар сатқан) және 877 млн Ресей рублін (2,3 млрд сатқан) сатып алған. 2012 жылмен салыстырғанда, долларды сату 5 пайызға, сатып алу – 21,5 пайызға өсті.

– Ресейлік БАҚ-тар таяу күндері Мәскеу мен Ресейдің басқа қалаларында доллар бағамының күрт көтерілуі салдарынан валютаны сатып алу дүрбелеңі басталғандығын хабарлады. Біздің елдер арасындағы тығыз экономикалық байланысты ескерсек, бізді де сондай жағдай күтіп тұрған жоқ па?

– Бүкіл 2013 жыл бойына долларға қатысты теңге бар болғаны 2,2 пайызға арзандады. Сарапшылар теңгенің бағасы негізінен екі факторға: энергия тасымалдаушылар мен импорт бағасына байланысты екенін айтады. Қазақстанда шеттен тауар әкелушілер өте көп, бірақ бәрі Ресейден әкелінетін импорт мөлшеріне байланысты.

Өткен жылы Ұлттық банк «Жылқы жылы», «Каспий итбалығы» және т.б. тақырыптағы күміс және алтын монеталарды айналысқа шығарды. Жыл сайын Атырау филиалы мұндай монеталарды 70 млн теңгеге сатады. Негізінен топтама жасау және сыйлық ретінде күмістер сатып алынады.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

6 ақпан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.