Атырау, 24 қараша 05:48
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Дубайда туристерге салық салынады

2 118 просмотра
Наурыз айының соңынан бастап Дубай әмірлігіне келетін барлық туристер жергілікті қонақүйлерде түнеген әрбір түн үшін салық төлейтін болады. Барлық қонақүйлер, демалыс үйлері және басқа да осындай мекемелер олардың класына қарай бір түнге 7-ден 20 дирхемге дейін (63-180 рубль) қосымша төлем енгізеді, деп хабарлады Утро.ру.

Салықты енгізуді мұрагер ханзада және Дубай атқару кеңесінің төрағасы шейх Хамдан бин Мохаммед бекіттті. The National басылымының хабарлауынша, түскен қаражат әмірліктің халықаралық беделін алға жылжытуға, туризм мен сауданың өсуін ынталандыруға және Ехро 2020 халықаралық көрмесін ұйымдастыру шығындарын жабуға жұмсалмақ. Алдын ала есептер бойынша, көрмені ұйымдастыру әмірлікке кемінде 32 млрд. дирхемге (288 млрд. рубль) түседі.

Жаңа салық жергілікті кәсіпкерлердің ренішін туғызды. Олардың айтуынша, қосымша төлем онша көп болмаса да, туристерді үркітеді және олардың әмірлікте болу уақытын қысқартуға әкеп соқтырады: былай қарағанда үлкен сома болмағанмен, бірнеше аптада ірі сомаға жетеді.

Негізінен Сауд Арабиясынан, Қытайдан, Үндістанннан, Ресейден және Батыс Еуропадан келетін қарапайым туристердің әмірлікте болу мерзімі жаңа салық авторларын толғандырмайды. Алдын ала есептер бойынша, Ехро 2020 көрмесі өтуі кезінде әмірлікке жылына 20 миллион адам келеді. Олар үшін көрме басталуына дейін екі есе көп қонақүйлер салынады, қонақ үй бөлмелері 160 мыңға дейін өседі, сондықтан да туристердің әмірлікке демалысқа келу мерзімінің қысқаруы жалпы кіріске онша әсер етпейді.

Дегенмен, Дубай рекреациялық туризмнен бас тартпақ емес. Жақында жергілікті үкімет  барлық үш және төрт жұлдызды қонақүйлердің күн сайынғы кірісінен 10 пайыз муниципалдық салық төлеуді алып тастауды ұсынды. Соның салдарынан кәсіпкерлер орта кластағы қонақүйлер салудан қашқақтап келген болатын. Ал Дубайдағы бір нөмірдің бағасы әлемдегі ең жоғары (200 долларға жуық) болуы көптеген туристерді үркітетін. Енді жергілікті өкімет орындары қазынаға төлемді қысқартумен қатар құрылысқа үкіметтік жер бөлуге шешім қабылдады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

5 ақпан 2014, 14:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.