Атырау, 3 мамыр 14:08
 ашықВ Атырау +15
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Барлық жаңалықтар

«Қазір Макс пен Талғатты тезірек босатуға қол жеткізу керек» Басқа жаңалықтар

«Қазір Макс пен Талғатты тезірек босатуға қол жеткізу керек»

Біз сарапшылардан, саясаттанушылардан №2 Атырау сотының «жер митингісі» туралы іс бойынша шығарған үкіміне комментарий беруді және «Макс Боқаев пен Талғат Аяновтың ісін қылмыстық немесе саяси іс деп есептейсіздер ме? Шығарылған үкімнің саяси салдары қандай болуы мүмкін?» деген екі сұраққа жауап беруді өтінген едік. 29 қараша 2016, 13:14 4 279 просмотра
Колумбиядағы футболшылар мінген ұшақ апаты орнынан тірі қалғандар табылды  Әлемде

Колумбиядағы футболшылар мінген ұшақ апаты орнынан тірі қалғандар табылды

Бразилия футболшылары мінген ұшақ құлаған Колумбияның Антьокия аймағынан аман қалғандар табылды. Бұл туралы 360 Radio Colombia радиостанциясының Twitter парақшасында хабарланған. Рионегро қаласының билік өкілдерінің мәліметінше, жергілікті ауруханаларға 10 адам жеткізілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Lenta.ru-ге сілтеме жасап. 29 қараша 2016, 12:16 1 994 просмотра
Журналист Бигелді Ғабдуллинді қамаудан босатпады Қазақстанда

Журналист Бигелді Ғабдуллинді қамаудан босатпады

Central Asia Monitor газетінің бас редакторы әрі Radiotochka.kz порталының шығарушысы Бигелді Ғабдуллин қамауда қалды. Сот Ғабдуллиннің адвокаттары Мұхамедияров пен Сармановтың оны қамаудан үйқамаққа шығару туралы шағымын қанағаттандырмады,- деп хабарлады Азаттық. 29 қараша 2016, 12:10 1 287 просмотра
Қазақстанда жұмыспен қамтудың жаңа бағдарламасы әзірленеді Қазақстанда

Қазақстанда жұмыспен қамтудың жаңа бағдарламасы әзірленеді

Бақытжан Сағынтаевтың Министрлер кабинеті Қазақстанда жұмыссыз азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамтуға және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға тартудың жаңа тетіктерін қарастыруда, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап. 29 қараша 2016, 11:46 2 023 просмотра
Арыстанбек Мұxамедиұлы Facebook парақшасын жабудың себебін айтты   Қазақстанда

Арыстанбек Мұxамедиұлы Facebook парақшасын жабудың себебін айтты

Бүгін Үкімет отырысынан кейін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы жақында ғана ашқан Facebook парақшасын жабудың себебін айтты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Үкімет үйінен. 29 қараша 2016, 11:41 2 081 просмотра
«Жер митингілері» туралы іс бойынша сауалнамалар нені көрсетті? Басқа жаңалықтар

«Жер митингілері» туралы іс бойынша сауалнамалар нені көрсетті?

Макс Боқаев пен Талғат Аяновқа қатысты үкім жарияланып, екеуіне бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. 8 қарашадағы біздің azh.kz сайтындағы сауалнамамызға («Қалай ойлайсыздар, Макс Боқаев пен Талғат Аянов кем дегенде 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына тартылады ма?») сүйенсек, оған қатысқан 1208 адамның көпшілігі (69%) «иә» деп жауап берген, 19%-ы бұған сенбеген, 12%-ы жауап беруге қиналған. 29 қараша 2016, 10:40 3 383 просмотра
Автоқалдықтардан табыс табуға болады Басқа жаңалықтар

Автоқалдықтардан табыс табуға болады

21 қарашада Атырауда пайдалануға жарамсыз автокөліктерді мобильді қабылдау пункті ашылды. Енді тозығы жеткен темір тұлпар қожайындары 48-ден 150 мың теңгеге дейін табыс тауып, оларды кәдеге жарату проблемасын шеше алады. 29 қараша 2016, 11:34 2 371 просмотра
СПИД нашақорлардың ғана дерті емес Басқа жаңалықтар

СПИД нашақорлардың ғана дерті емес

Жыл сайын 1 желтоқсанда Дүниежүзілік СПИД-пен күрес күні атап өтіледі. 1993 жылы Атырау облысында ВИЧ-ке шалдыққан алғашқы пациент тіркелген кезден бері 230 жағдай анықталды. Әсіресе, Атырауда жақында ВИЧ-ке шалдыққан алғашқы сәбидің тіркелгені жабырқатады. 29 қараша 2016, 11:10 2 440 просмотра
Янукович Еуромайдан акциясында оқ атуға бұйрық бергенін жоққа шығарды Әлемде

Янукович Еуромайдан акциясында оқ атуға бұйрық бергенін жоққа шығарды

Украинаның бұрынғы президенті Виктор Янукович Украинада өтіп жатқан сотта видео байланыс арқылы берген жауабында Еуромайдан акциялары кезінде полицияға демонстранттарға қарсы оқ атуға бұйрық бермегенін мәлімдеді. Украинаның "Беркут" арнайы жасағы сарбаздарының демонстранттарға қарсы оқ ату ісі бойынша сот 28 қарашада Киевте қарала бастаған. Бұл істе куәгер ретінде тартылған Янукович сотқа Ресейдің Ростов облыстық сотынан видеоконференция арқылы жауап берді,- деп хабарлады Азаттық. 29 қараша 2016, 10:20 1 954 просмотра
Қарағанды соты мұғалім Юрий Пактің үкімін өзгертпеді Қазақстанда

Қарағанды соты мұғалім Юрий Пактің үкімін өзгертпеді

Қарағандыда физика пәнінің мұғалімі, "жалған терроризм" айыбымен екі жылға сотталған Юрий Пактің үкімі өзгертілмеді. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, сот Пактің үкімге берген апелляциялық шағымын қанағаттандырмады,- деп хабарлады Азаттық. 29 қараша 2016, 10:16 1 471 просмотра
Гүлнара Каримова көпшілік алдында мәлімдеме жасамақшы - БАҚ Әлемде

Гүлнара Каримова көпшілік алдында мәлімдеме жасамақшы - БАҚ

Өзбекстанның бірінші президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнара Каримова 2014 жылдан бастап бірінші рет "жарыққа шығатынын" жариялаған. Ол 30 қарашада әкесін еске алу кешінде мәлімдеме жасамақшы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты REGNUM порталына сілтеме жасап. 29 қараша 2016, 10:11 2 268 просмотра
Президент тұрғын үй құрылысы бағдарламасын кері қайтарды   Қазақстанда

Президент тұрғын үй құрылысы бағдарламасын кері қайтарды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасын қайта пысықтауды тапсырды. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев мәлім етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 29 қараша 2016, 10:07 1 925 просмотра
Алматы облысы: Есіктегі "топ болып зорлау" ісі бойынша сот үкімі шықты Қазақстанда

Алматы облысы: Есіктегі "топ болып зорлау" ісі бойынша сот үкімі шықты

Есік қаласындағы Еңбекшіқазақ аудандық сотында бүгін тұрғын Жібек Мусинованы топ болып зорлау ісіне қатысты сот үкімі жарияланды деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Сот бұл іске қатысты төрт адамды қылмыстық кодекстің "Адам зорлау", "Жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері", "Адам ұрлау" және "Бұзақылық" баптары бойынша айыпты деп тапты. Айыпталушылар Асхат Бектұрсын - 10 жыл, Елтай Нұрбол - 9 жыл, Алмас Ермеков - 9 жыл алты ай, Ербол Ермеков 8 жылға сотталды. Сот іс материалы бойынша салонында зорлық қылмысы іске асты делінген көлікті тәркілеуге қаулы шығарды,- деп хабарлады Азаттық. 28 қараша 2016, 16:20 2 878 просмотра
Қуаныш Сұлтанов: Әлеуметтiк желiдегi сын көңiлiме тиедi  Қазақстанда

Қуаныш Сұлтанов: Әлеуметтiк желiдегi сын көңiлiме тиедi

Астана атауын өзгертуге қатысты әлеуметтiк желiде айтылып жатқан сыни пiкiрлер Мәжiлiс депутаты Қуаныш Сұлтановтың көңiлiне тиедi екен. Оның айтуынша, ұсыныс-пiкiрдi сынауға болады, бiрақ жеке басқа тиiсуге болмайды, деп xабарлайды Baq.kz. 28 қараша 2016, 14:29 2 132 просмотра
НКВД жендеттерінің ұрпақтары чекистер туралы мәліметтерді жабуды талап етеді Әлемде

НКВД жендеттерінің ұрпақтары чекистер туралы мәліметтерді жабуды талап етеді

1930 жылдардағы НКВД қызметкерлерінің ұрпақтары үкіметтен таяуда жарияланған Иосиф Сталиннің тұсындағы "Үлкен террор" - саяси қуғын-сүргінді іске асырған 40 мыңға тарта жендеттің аты-жөні мен олар туралы мәліметтерді жабуды сұрады,- деп хабарлады Азаттық. 28 қараша 2016, 14:24 2 015 просмотра
Алматыда БАҚ туралы заңға өзгерістерді талқылады Қазақстанда

Алматыда БАҚ туралы заңға өзгерістерді талқылады

Алматыда бүгін ақпарат және коммуникация мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасына қатысты қоғамдық тыңдау басталды. Тыңдау "Әділсөз" баспасөз құқығын қорғау ұйымының бастамасымен өтіп жатыр. Жиынға ақпарат және коммуникация министрлігінің өкілі Бекзат Рахымов қатысып жатыр,- деп хабарлады Азаттық. 28 қараша 2016, 14:12 2 427 просмотра
Боқаев пен Аянов 5 жылға бас бостандықтарынан айыру жазасын алды «Жер митингілері» туралы іс

Боқаев пен Аянов 5 жылға бас бостандықтарынан айыру жазасын алды

28 қарашада Атырауда «жер митингісі» туралы іс бойынша сот процесінде Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯНОВҚА қатысты үкім жарияланды. Олардың екеуі де 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сурет Бейнежазба 28 қараша 2016, 11:07 11 067 просмотра
АХАТ-қа тіркеу мерзімі күшейтілді Басқа жаңалықтар

АХАТ-қа тіркеу мерзімі күшейтілді

Жаңа ереже бойынша баланың туылғаны туралы өтінішті бала дүниеге келген күннен бастап үш жұмыс күнінен қалдырмай беру керек. Бұдан бұрын ол екі ай мерзімді құрайтын. Бұл туралы құрамына азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімі (АХАТ) кіретін қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміндегілер хабарлады. 28 қараша 2016, 12:42 3 861 просмотра
Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті сайланды Қазақстанда

Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті сайланды

"Қайрат" пен КСРО құрамасының бұрынғы қорғаушысы Сейілда Байшақов ҚФФ кезектен тыс XIV конференциясында Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 28 қараша 2016, 12:09 2 009 просмотра
Несиелер де, көтермеақылар да қызықтырмай отыр Басқа жаңалықтар

Несиелер де, көтермеақылар да қызықтырмай отыр

11 ай ішінде бюджет қаржыларын игеру 98,5% құрады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұрғайша ӘБЕЖАН хабарлады. 28 қараша 2016, 12:00 2 980 просмотра
Навканың Холокост тақырыбында мәнерлеп сырғанау биі сынға ұшырады Әлемде

Навканың Холокост тақырыбында мәнерлеп сырғанау биі сынға ұшырады

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтің әйелі, мәнерлеп сырғанаушы Татьяна Навка холокост тақырыбында өнер көрсеткені үшін сынға ұшырады,- деп хабарлады Азаттық. 28 қараша 2016, 10:28 1 487 просмотра
Трамп Клинтонның дауысты қайта санауды қолдағанына "ренжулі" Әлемде

Трамп Клинтонның дауысты қайта санауды қолдағанына "ренжулі"

АҚШ президенті болып сайланған Дональд Трамп қарашаның басындағы президент сайлауында бәсекелес болған Хиллари Клинтонның басты үш штаттағы дауыстарды қайта санауды қолдау туралы шешіміне "ренжулі" екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Twitter-дегі аккаунтында жазды. Бұған дейін демократтар кандидаты Клинтонның штабы Висконсин штатындағы бюллетенді қайта санауды қолдайтынын мәлімдеген,- деп хабарлайды Азаттық. 28 қараша 2016, 09:53 1 787 просмотра