Атырау, 23 қараша 06:38
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бізді бес жыл бойы заңсыз ажыратып келді

3 239 просмотра


1 теңге бережақ  үшін электр энергиясын жеткізуді тоқтатады делінген  «Электр энергиясын пайдалану қағидаларындағы» түзетулер күшіне енгеннен кейін қазақстандықтар қарапайым халыққа неге осылай қарайды деп наразылық білдіре бастады. Оған қоса қайта жалғау үшін жеке тұлғалардың ішінде пәтер тұрғындары 6730 теңге, ал жеке тұрғын үй секторының тұрғындары 10115 теңге төлеу қажет.  Осыған байланысты «АЖ» әдейі ҚР вице-министрі Қайрат РАХИМОВҚА жолыққан еді. Анығында барлығы бұрыннан бар қағида, өзгергені - қарыз туралы хабарлама жіберу тәсілдері ғана. Толығырақ төменде.

Рахимовтың айтуы бойынша өзгертулер дұрыс түсіндірілмеген.

- Электр энергиясын пайдалану қағидалары 2015 жылдың 20 ақпанынан бері қолданыста. Әнебір өзгеріс болған жоқ. Тек бұрын электр энергиясын пайдаланғаны үшін бережағы туралы жіберілген хабарлама орта жолда жоғалып, тұтынушы электр қуаты ажыратылатынын білмей қалатын. Енді электр қуатымен жабдықтау мекемесімен келісімшарт жасағанда, тұтынушы хабарламаны қандай жолмен жіберілгені ыңғайлы екенін өзі таңдай алады: электронды пошта, SMS, немесе кәдімгі квитанция арқылы.

Мәселен, шартты түрде тұтынушы 1 қаңтардан 31 қаңтарға дейін электр энергиясын тұтынады, энергиямен жабдықтаушы ұйым 15 ақпанға дейін есебін шығарады және тұтынушының оны 25 ақпанға дейін төлеуге уақыты бар. Егер уақытында төленбесе, 30 күнтізбелік күн бұрын электр энергиясымен жабдықтау мекемесі  электр энергиясы ажыратылады деген хабарлама жібереді.

Бұл министр орынбасарының сөзі. Ал тәжірибеде байқағанымыздай, бізде 5 жыл бойына айдың 25-нде электр энергиясын заңсыз ажыратып келген. Бұл сол қағида талаптарына қарама-қайшы әрекет. Атыраулықтардың көбі сол жағдайды бастан өткерді.

Бұл туралы мен вице-министрге айтқанымда, ол бұл заңсыз, бұл тура тұтынушының құқын бұзу болып саналады деді. Және осындай факт орын алған жағдайда, Табиғи монополияларды реттеу комитетіне арыздану қажет екенін ескертті. 

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

1 наурыз 2020, 22:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.