Атырау, 26 қараша 13:49
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

АҚШ-та коронавирустан бір адам қайтыс болды. Төтенше жағдай режимі жарияланды

2 993 просмотра


  • © CC BY 2.0 / Paul Sableman / St. Louis Fire Department Emergency Medical Service


Вашингтон штатының губернаторы Джей Инсли штат аумағында коронавирустың жаңа түрінің таралуына және  COVID-19 вирусынан бір адамның қайтыс болуына байланысты төтенше жағдай жариялады. Бұл туралы губернатордың сайтында жарияланды, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Мен, Джей Инсли, Вашингтон штатының губернаторы, қазіргі жағдайға байланысты... Вашингтон штатының барлық округында төтенше жағдай режимі енгізілгенін мәлімдеймін", - делінген сенбіде таралған Қаулыда. 

Губернатор мемлекеттік мекемелерге және департаменттерге мемлекеттік қаражатты пайдаланып, коронавирустың таралмауы үшін барлық шараларды қабылдауды тапсырды. ТЖ режимі сондай-ақ штаттың Ұлттық гвардиясын тарту көзделген. 

CNN телеарнасының мәліметінше, АҚШ-та коронавирустан қайтыс болған бірінші адам - 50 жастағы әйел екен. Ол елден шықпаған. 

Қытайдың Денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитетінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, Қытайда ауру жұқтырғандар саны - 79,8 мыңнан аса адам, 2870 адам көз жұмды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпараты бойынша, бүкіл әлемде коронавирусты жұқтырғандардың жалпы саны 85,4 мыңнан асқан. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

1 наурыз 2020, 11:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.