Атырау, 23 желтоқсан 22:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Алматыдағы арнайы рейд: Жезөкшелікпен айналысқан 245 әйел анықталды

2 891 рет қаралды


Алматыда үш қонақүйден жезөкшелер ордасы әшкереленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Екі қонақ үй кешені - Түрксіб ауданында, бір қонақ үй Әуезов ауданында болған. «Өткен аптада полиция арнайы рейд жүргізді. Тексеру нәтижесінде 3 қонақ үйде заңсыз жыныстық қатынас қызметі ұйымдастырылғаны анықталды. Бұл жолы біз ЖИТС орталығы мамандарын тарттық. Олар жылжымалы зертхана арқылы әйелдерді тексерді», - деді қалалық ПД басқарма басшысы Жанболат Зиадин. 

Барлығы полицияға 30 әйел жеткізілді. Олардың 3-і Өзбекстан азаматшалары болып шықты. Белгілі болғандай, бұл азаматшалар осы қонақ үйлерде тұрақты қызмет еткен. Ғимарат иелері заң алдында жауапкершілікке тартылатын болады. 11 ақпанда басталған операция нәтижесінде арнай топ 245 әйелді бөлімшеге жеткізген. Олардың 3-і Ресей Федерациясының, 6-ы Өзбекстанның, 6-ы – Қырғызстанның, 1- Украина азаматшасы болып шықты. Жеке құжаты жоқ әйелдер ПД уақытша оқшаулау орнына қамалды.


Дереккөз:  Inform.kz

2 наурыз 2020, 11:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.