Атырау, 23 желтоқсан 22:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Президенттің Қордай ауданына жұмыс сапарының видеосы жарияланды

Бейнежазба
3 184 рет қаралды


Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жамбыл облысы Қордай ауданына жұмыс сапарының видеосы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Мемлекет басшысының Жамбыл облысына сапарына видеошолуды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында бөлісті. Видеоға Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қордай ауданындағы Сортөбе және Қаракемер ауылдарының тұрғындарымен, дүнген диаспорасының өкілдерімен кездесуі арқау болған. Еске сала кетейік, бүгін ҚР Президенті жұмыс сапарымен Жамбыл облысының Қордай ауданына барып, Қаракемер ауылының жұртшылығымен кездескен болатын. Еске сала кетсек, Қордайдағы оқиғадан кейін Президент бірқатар лауазымды тұлғаны қызметінен алуды тапсырған еді. Жамбыл облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары, Қордай ауданының әкімі, Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы, Қордай аудандық полиция бөлімінің бастығы қызметінен босатылды. 10 ақпанда Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов өтінішімен қызметінен кетті. Сол күні Бердібек Сапарбаев осы лауазымға тағайындалды.


Дереккөз:  Inform.kz

2 наурыз 2020, 10:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.