Атырау, 26 қараша 13:49
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Арменияда коронавирус жұқтырудың бірінші дерегі анықталды

2 943 просмотра


Арменияда коронавирус жұқтырудың бірінші дерегі анықталды. Бұл туралы елдің премьері Никол Пашинян Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп абарлайды РИА Новости.

"Екі сағат бұрын бізде ауру жұқтыру дерегі анықталды. Науқас - 29 жастағы азамат, ол 28 ақпанда әйелімен Ираннан ұшып келген", - деп жазды премьер-министр. 

Сонымен қатар, ол оның жағдайы тұрақты екенін айтты. Ол ауруханаға түскен уақытта дене қызуы көтерілген.

"Ер адам ауруханаға түскен кезде оның дене қызуы жоғары болған, алайда қазір қалыпқа келді, оның жағдайы қанағаттанарлық. Әйелін де тексеру кезінде одан коронавирус анықталмады. "Үкімет Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бекіткен ережелер бойынша қажетті шараларды қабылдап жатыр", - деді ол. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

1 наурыз 2020, 11:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.