Түркия Еуропа одағына барғысы келетін босқындарға кедергі жасамайтынын мәлімдеген соң Сирия мен өзге де елдерден шыққан 13 мыңнан астам босқын Түркия мен Грекия шекарасына жиналды. Бұл ақпаратты 1 наурызда Біріккен ұлттар ұйымы жариялады.
Грекия билігі өткен тәуліктерде тиісті құжаты жоқ 10 мыңға жуық мигрантты тоқтатқанын растады. Түркиядан Грекияның Эгей теңізіндегі аралдарына 500-ге жуық босқын келген.
Түрік билігі өз аумағынынан Еуропа одағына қарай соңғы бірнеше күнде 75 мың мигрант кеткенін айтады. Бұған дейін Грекия шекарасында мигранттармен полиция қақтығысқаны жайлы хабар тараған. Полиция көзден жас ағызатын газ қолданып, Грекияға кіргісі келетін босқындар тас лақтырған.
Түркияда қазіргі уақытта 3,5 миллионнан астам босқын бар. Оның басым көпшілігі 9 жылдан бері азамат соғысы мен кейбір елдердің интервенциясы жүріп жатқан Сириядан қашып шыққандар. Ресейдің қолдауымен Сирия президенті Басар Ашад әскері Түркия әскеріне шабуыл жасаған соң Түркия босқындар мәселесіне байланысты саясатын өзгертетінін жариялаған.
Ердоған «Түркия босқындарға Еуродақпен шекараны ашатынын, өйткені Еуродақ қаржылай көмектесетіні жайлы уәдесін орындамағанын және Сирия конфликтісін реттеуге белсенді қатыспай отырғанын» мәлімдеген.
Дереккөз: Азаттық радиосы