Атырау, 24 желтоқсан 17:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Франциядағы әйгілі Лувр мұражайы жабылды

7 351 рет қаралды


Франциядағы әлемге әйгілі Лувр мұражайы жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Оған аймақта коронавирустың таралуы себеп. Мұражай басшылығының айтуынша, ғимаратқа әлемнің түкпір-түкпірінен саяхатшылар келеді. Оның қашан ашылатыны әзірге белгісіз. Басшылық алдын ала билет сатып алғандарға қаржысы қайтарылатынын айтады.

Естеріңізге салайық, таяуда жергілікті билік елде 5 мың адам жиналатын барлық қоғамдық іс-шараларды кейінге шегеріп, ғимараттарды жабу керек деген шешім қабылдаған болатын. Жалпы қазір елде 130-дан астам адам коронавирус жұқтырғандардың қатарында. Олардың тоғызы ауыр халде жатса, екеуі осы дерттен көз жұмды.

Дереккөз: 24.kz 

2 наурыз 2020, 13:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.