Атырау, 26 желтоқсан 18:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

Барлық жаңалық

Мәскеу орталығында полиция шерушілерді ұстап жатыр Әлемде

Мәскеу орталығында полиция шерушілерді ұстап жатыр

Мәскеуде тәуелсіз кандидаттарды қалалық дума сайлауына жібермеуіне байланысты рұқсат етілмеген акция өтіп жатыр. Соңғы ақпарат бойынша, полиция ондаған азаматты ұстаған. "ОВД-Инфо" дерегінше, олардың арасында журналистер де бар. 3 тамыз 2019, 19:23 2 506 рет қаралды
Мұнай саласынан Ұлттық қорға 3,2 трлн теңге құйылды Экономика

Мұнай саласынан Ұлттық қорға 3,2 трлн теңге құйылды

2018 жылы ҚР Ұлттық қорына елдің мұнай секторынан 3,2 трлн теңге түсті, бұл қордың 60% өсуіне мүмкіндік берді. Мұнай саласындағы тауарларды, қызметтерді және жұмыстарды сатып алудың жалпы көлемі 6 трлн теңге болды. Мұнайсервис компанияларының одағы 2018 жылдың осындай нәтижелерін ұсынды. 3 тамыз 2019, 12:47 4 025 рет қаралды
«Абай» теңіз учаскесінде бұрғылау жұмыстары басталады Экономика

«Абай» теңіз учаскесінде бұрғылау жұмыстары басталады

Шілденің соңында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, ҚР Энергетика министрлігі және «Эни С.п.А» компаниясы Абай учаскесінде көмірсутегі шикізатын барлау және өндіру туралы келісімшартқа қол қойды. 3 тамыз 2019, 12:09 4 614 рет қаралды
Алаяқ әйел мұнай саласынан жұмыс тауып беруге уәде берген Оқиға

Алаяқ әйел мұнай саласынан жұмыс тауып беруге уәде берген

№2 Атырау қалалық сотында Махамбет ауданы Алға ауылының 45 жастағы көпбалалы тұрғынына үкім шығарылды. Ол мұнай саласына жұмысқа кіргізуге уәде беріп, адамдардан ақша алып отырған. 3 тамыз 2019, 11:29 3 763 рет қаралды
​ҚР Ішкі істер министрі орынбасарларын колонияларды тексеруге жіберді Қазақстанда

​ҚР Ішкі істер министрі орынбасарларын колонияларды тексеруге жіберді

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың түзету мекемелерін жаңғырту, жөніндегі тапсырмаларын іске асыру үшін ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың нұсқауы бойынша Нұр-сұлтан (ЕЦ-166/5) және Ақмола облысының (ЕЦ-166/18, ЕЦ-166/25) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне оның орынбасары аттанды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің Ғacebook парақшасында жария етілді.  3 тамыз 2019, 10:16 2 618 рет қаралды
Қазақстандықтардың жеке мәліметтері әлемжеліде заңсыз жиналып жатқаны анықталды Қазақстанда

Қазақстандықтардың жеке мәліметтері әлемжеліде заңсыз жиналып жатқаны анықталды

«KZ-CERT» компьютерлік оқиғаларға әрекет ету қызметі қазақстандықтардың жеке мәліметтерінің жиналу жағдайы тіркелгенін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 3 тамыз 2019, 09:57 2 629 рет қаралды
Трамп Ресейге жаңа санкция салу бұйрығына қол қойды Әлемде

Трамп Ресейге жаңа санкция салу бұйрығына қол қойды

АҚШ президенті Дональд Трамп Мәскеудің 2018 жылғы наурыз айында Ұлыбританияда тұратын бұрынғы ГРУ офицері Сергей Скрипаль мен оның қызын улауға қатысы бар деген негізде Ресейге санкция салу туралы бұйрыққа қол қойды. 3 тамыз 2019, 09:49 3 024 рет қаралды
Босқындар Сирияға оралуға дайын, бірақ қалаларды қалпына келтіру керек Әлемде

Босқындар Сирияға оралуға дайын, бірақ қалаларды қалпына келтіру керек

Босқындарды Сирияға қайтару процесі ақырындап жүріп жатыр, деді Ресей президентінің Сирия бойынша арнайы өкілі Александр Лаврентьев. Ай сайын елге 1,5 мыңнан екі мыңға дейін адам қайтады. 3 тамыз 2019, 09:45 1 951 рет қаралды
Алматы облысында Үшқоңыр жайлауы өртеніп жатыр Қазақстанда

Алматы облысында Үшқоңыр жайлауы өртеніп жатыр

Алматы облысы Қарасай ауданы Үшқоңыр жайлауына қарасты тау етегі өткен аптадан бері өртеніп жатыр. Бұл туралы бүгін, 2 тамызда Азаттыққа ауыл тұрғындары хабарлады. Олардың сөзінше, "екі аңғар өртеніп, от үшіншісіне жайыла бастаған".   2 тамыз 2019, 16:24 3 672 рет қаралды
Tilda Қазақстандағы сайттардың IP-адрес бойынша бұғатталуын сынады Қазақстанда

Tilda Қазақстандағы сайттардың IP-адрес бойынша бұғатталуын сынады

Сайт жасауға көмектесетін Tilda танымал платформасы Қазақстандағы сайттардың IP-адрес бойынша бұғатталуын «ескірген және жабайы әдіс» деп атап, «IP-адрестерді үнемдеу» бойынша айыптауларды жоққа шығарды.   2 тамыз 2019, 16:18 1 972 рет қаралды
Таиландтағы жарылыста қазақстандықтар зардап шеккен жоқ Қазақстанда

Таиландтағы жарылыста қазақстандықтар зардап шеккен жоқ

Таиланд билігінің ресми хабарлауынша, бүгін Бангкоктың бірнеше ауданында 7 кішігірім жарылыс болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  2 тамыз 2019, 16:00 2 280 рет қаралды
"Халықпен кездескісі келмейді": министрліктер үйінде шу шықты Қазақстанда

"Халықпен кездескісі келмейді": министрліктер үйінде шу шықты

Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалығымен өткен жиынға заңсыз сот шешімдері бойынша қоғамдық ұйым өкілдері кіре алмады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бейнежазба 2 тамыз 2019, 15:41 3 042 рет қаралды
АҚШ пен Ресей арасындағы зымыран келісімінің күші жойылды Әлемде

АҚШ пен Ресей арасындағы зымыран келісімінің күші жойылды

2 тамызда осыдан 31 жыл бұрын АҚШ пен Ресей қол қойған ядролық келісімнің күші жойылды. 1987 жылы совет үкіметі мен АҚШ радиусы 500-5500 шақырым болатын баллистикалық және қанатты зымырандарды құрастырмауға өзара келіскен еді. 2 тамыз 2019, 15:27 2 968 рет қаралды
​Қайсар Қуат Қоғам

​Қайсар Қуат

Жол көлік апатынан кейін мүгедек арбасына танылса да, тағдырдың ауыр соққысына мойымай, өзінің жеке кәсібін ашпаққа ниеттенген Индер ауданы Елтай ауылының тұрғыны, бірінші топ мүгедегі Қуат ЖАНЕСЕЕВ туралы жеті жыл бұрын «АЖ» мақала жарияланған болатын. Қазір кәсібін дөңгелетіп, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүрген, жүзінен өмірге деген асқан құлшынысты көруге болатын жас жігітке еріксіз риза боласың. Сурет Бейнежазба 2 тамыз 2019, 14:20 6 817 рет қаралды
Арыстағы жарылыс кезінде жараланған 8 жасар бала көз жұмды Қазақстанда

Арыстағы жарылыс кезінде жараланған 8 жасар бала көз жұмды

Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери қоймадағы жарылыс кезінде жараланған үш адамның бірі сегіз жасар Аян Шәріпбек қайтыс болды. Бұл туралы Азаттыққа баланың әкесі Ербол Шәріпбек хабарлады.   2 тамыз 2019, 12:03 2 455 рет қаралды
Мал дәрігерлері түйелердің өлу себебін анықтай алмай отыр Басқа жаңалықтар

Мал дәрігерлері түйелердің өлу себебін анықтай алмай отыр

Жылыой ауданында белгісіз жағдайда түйелер өліп жатыр. Шілде айының ішінде Ақкиізтоғай ауылынан 11 бас түйе өлсе, ал Құлсары қаласының "Жадырасын" ықшам ауданында 6 бас мал өлген. Жалпы саны 17-ге жеткен түйенің неден өліп жатқаны әлі толық анықталған жоқ.  2 тамыз 2019, 10:35 5 121 рет қаралды