Атырау, 29 наурыз 11:57
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​ҚР Ішкі істер министрі орынбасарларын колонияларды тексеруге жіберді

2 448 просмотра


Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың түзету мекемелерін жаңғырту, жөніндегі тапсырмаларын іске асыру үшін ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың нұсқауы бойынша Нұр-сұлтан (ЕЦ-166/5) және Ақмола облысының (ЕЦ-166/18, ЕЦ-166/25) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне оның орынбасары аттанды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің Ғacebook парақшасында жария етілді. 

ІІМ басшысының орынбасары Арыстанғани Заппаров мекеменің медициналық бөлімдерінің жабдықталуын тексерді, сотталғандар тұратын отрядтарда және өндірістік учаскелерде болды. Сондай-ақ Нұр-сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің ЕЦ-166/5 мекемесінің мектеп және кәсіптік-техникалық колледжінің жұмысымен танысты, сотталғандарды әртүрлі сұрақтар бойынша қабылдап, кездесу өткізді. 

Кездесу барысында министрдің орынбасары колониядағы оқыту және кәсіптік білім беру үшін жасалған жағдайлар еңбек етуге, жәбірленушілерге келтірілген зиянның орнын толтыруға, ең бастысы, бостандыққа шыққан кезде тез әрі табысты бейімделуге ықпал ететінін атап өтті. А. Заппаров мекеме басшылығы және қызметкерлермен бірге жеке құрам үшін өзекті мәселелерді, пенетенциарлық жүйені жаңғырту және жұмыс орындарын құру үшін кәсіпкерлерді тарту мәселелерін талқылады. 

«Нұр-Сұлтан»қаласы бойынша қоғамдық бақылау комиссиясының мүшесі Орынбасар Құлжабаева және Ақмола облысы бойынша ҚБК «Наше право» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Владиславом Шульмен мекеме қызметіне азаматтық бақылау жүргізу жайы да сөз болды. Құқық қорғаушы өз кезегінде сотталғандарды ұстау тәртібі мен шарттарына қатысты оң өзгерістерді атап өтті. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ІІМ бастамасымен депутаттар, мемлекеттік органдар, ҮЕҰ және халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен «Ашық диалог – пенитенциарлық жүйені реформалау құралы» атты форумы өтті. Пенетенциарлық жүйені халықаралық стандарттарға жақындату, сотталғандарды ұстау жағдайларын жақсарту, адам құқықтарын сақтау үшін форумға қатысушылардан жұмыс тобы құрылды. Бұл жұмыс тобы еліміздегі Қылмыстық-атқару жүйесін жаңғыртудың жол картасы әзірлеуде. Жол картасына азаматтық қоғам өкілдері мен құқық қорғаушылардың 200-ге жуық ұсынысы енді.

Дереккөз: 24.kz

3 тамыз 2019, 10:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.