Атырау, 27 қараша 14:55
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Босқындар Сирияға оралуға дайын, бірақ қалаларды қалпына келтіру керек

1 853 просмотра


Босқындарды Сирияға қайтару процесі ақырындап жүріп жатыр, деді Ресей президентінің Сирия бойынша арнайы өкілі Александр Лаврентьев. Ай сайын елге 1,5 мыңнан екі мыңға дейін адам қайтады.

Ол елдер мен халықаралық ұйымдарды қалаларды қалпына келтіру жұмыстарына атсалысуға шақырды.

"Қасиетті Рамазан айы аяқталғанда Дамаскі мен оған жақын елді мекендерге Ливанда ресми тіркелген 450 мыңнан астам сириялық босқын оралды. Олар Сирияға өткізу бекеттері арқылы ресми келді. Мереке аяқталған соң 10 күннен кейін Ливанға қайта оралды, себебі онда ресми тіркелгендер жәрдемақы алады" – деп атап өтті Лаврентьев.

Арнайы өкіл Сирия оппозициясымен диалог қалай өрбіп жатқанын, байланыс орнатуға дайын емес жағы қандай қауіп төндіретінін айтып өтті.

Дереккөз: Sputniknews.kz

3 тамыз 2019, 09:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.