Шілденің соңында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, ҚР Энергетика министрлігі және «Эни С.п.А» компаниясы Абай учаскесінде көмірсутегі шикізатын барлау және өндіру туралы келісімшартқа қол қойды.
Келісімшартқа сәйкес, Каспий теңізінің қазақстандық секторында бір барлау ұңғымасын бұрғылау және 3D сейсмикалық барлау жұмыстары басталады. Келісімшартта бұл көлем «негізгі минималды міндеттемелер» ретінде белгіленген.
Алдыңғы кезеңде, ағымдағы жылдың шілде айының басында Тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылды. Оның аясында тараптар Қазақстанның пайдасына қол қойылатын бонус төлеуге (келісімшарт аумағында жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану құқығын иемденгені үшін біржолғы белгіленген төлемі – ҚР Салық кодексі, 724-бап) және жер қойнауын пайдаланушының жергілікті қамту бойынша міндеттемелері туралы уағдаласты.
Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА