Таяуда Курил аралдарына ресейлік шенділер басқару тобымен барғаннан кейін, Жапония Сыртқы істер министрлігі Мәскеуге наразылық хатын жолдаған.
Бұл мәселеге қатысты Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев ресми мәлімдеме жасады. БАҚ өкілдерімен болған кездесуде Медведев: «Жапон халқының наразылығынан біздің еш алаңдаушылығымызды туғызбайды. Курил аралдары Ресей жеріне тиесілі. Аралдар Сахалин облысыны кіреді. Сол себепті ресейліктердің ол жаққа баруға толықтай құқығы бар», – деді. Жапония СІМ таратқан мәлімдемеде: «Жапония Ресей премьер-министрі Д.Медведевтің Оңтүстік Курил аралдарына баруына қатысты наразылық білдіреді. Бұл жайт жапон халқы үшін де ауыр тиді. Себебі екі ел арасындағы арал дауына байланысты. Біздің тарап ресми түрде Ресейді нақты достық байланыс орнатуға шақырамыз. Жапония мен Ресей даулы мәселелерді шешуге мүдделі» – делінген.
Дегенмен, Мәскеу Токионың бұл «алаңдаушылығы» мен наразылығын негізге алған жоқ. Екі ел арасындағы «арал дауының» хронологиясы ертеден басталады. Негізінен Жапония «үлкен жетілік» елдерінің ішінде Қырым аннексиясынан кейін Путинмен кездесу ұйымдастырған екінші мемлекет.
Соған қарамастан, Жапония мен Ресей арасындағы ынтымақтастық келісімге 70 жылдан бері қол қойылмай келеді. Яғни екі ел Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін арнайы келісімшарт жасасқан жоқ. Жапония және Ресей 1855 жылдың 7 ақпанында Итуруп және Уруп аралдарының арасындағы шекараны анықтайтын бірінші орыс-жапон келісімшартына (Симод трактаты) қол қойды. Сол уақыттан бастап Итуруп, Кунашир, Шикотан және Хабомаи аталған шартқа сәйкес Жапонияға тиесілі. Бұл күн Жапонияда «Солтүстік аумақтар күні» ретінде атап өтіледі.
15 шілдеде Ресей бейбіт келісім аясында Курил тізбегіндегі екі аралды (Хабомаи және Шикотан аралдары) Жапонияға қайтарудан бас тартқан. Kyodo агенттігі хабарлағандай, Мәскеу АҚШ пен Жапония байланысын жіті бақылай отырып осындай шешімге келген. Сонымен қатар, Токио мен Мәскеу арасында бейбіт келісім жасалмаған. Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ мен Ресей президенті Владимир Путин осы мәселеге қатысты 2012 жылдан бері бірнеше рет кездесу ұйымдастырған. Бірақ, кездесулердің ешқайсысы оң нәтиже берген жоқ.
Дереккөз: qazaqtimes.com