Атырау, 27 қараша 14:37
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Мәскеу орталығында полиция шерушілерді ұстап жатыр

2 225 просмотра


Мәскеуде тәуелсіз кандидаттарды қалалық дума сайлауына жібермеуіне байланысты рұқсат етілмеген акция өтіп жатыр. Соңғы ақпарат бойынша, полиция ондаған азаматты ұстаған. "ОВД-Инфо" дерегінше, олардың арасында журналистер де бар.

Бүгінгі акция "Бульвар бойымен серуендеу" форматында өтеді деп жоспарланған еді. Акция басталмай тұрып бірнеше сағат бұрын Бульвар маңын полиция мен Росгвардия жасақтары күзете бастады.

Трубной алаңында ОМОН жасақтары жиналғандарды тықсырып, "қозғалысқа кедергі келтірмей" Садовое қиылысына қарай өтуді талап етті.

Бұған дейін күштік құрылым өкілдерінің метро станцияларында азаматтарды тексеріп, "тәртіпсіздікке қатыспау туралы" ескерту бергені хабарланған.

Дәл осыған ұқсас 27 шілдеде өткен акцияда мыңнан астам адам ұсталған еді.

Дереккөз: Азаттық радиосы

3 тамыз 2019, 19:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.