Атырау, 24 желтоқсан 20:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Президент Шымкент әкіміне тұрғындардың өмір сапасын арттыруды жүктеді

2 237 рет қаралды


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановты қабылдады, - деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан Президенті жаңа әкімнің Түркістан облысынан қалаға қосылған елді мекендерге жол салу, газ тарту, электр жарығымен және ауызсумен қамту бойынша жоспарымен танысты. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Айтахановқа қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Еске салайық, Е.Айтаханов Шымкент қаласының әкімі болып 30 шілде күні тағайындалған болатын. Мегаполисті бұған дейін басқарып келген Ғабидолла Әбдірахымов Президент Жарлығымен қызметінен босатылды.

2 тамыз 2019, 14:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.