Атырау, 22 желтоқсан 21:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Атырауда

Тағы бір жыл Басқа жаңалықтар

Тағы бір жыл

Бүгін, 20 ақпанда, Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ «Жайық» спорт кешенінде жұртшылық алдында 2018 жыл үшін есеп берді. Бұл шараға ҚР қоғамдық даму министрі Дархан ҚАЛЕТАЕВ, облыстың бұрынғы әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ, бұрынғы бірінші орынбасарлар – қазіргі сенаторлар Ғұмар ДҮЙСЕМБАЕВ пен Сәрсенбай ЕҢСЕГЕНОВ келді. Айта кету керек, соңғы екеуін кейінірек залдан сөйлегендердің бірі мысқылмен АҚШ долларына теңеген еді.  Сурет 20 ақпан 2019, 19:33 4 119 рет қаралды
Төлемегеннің ақысы ма? Басқа жаңалықтар

Төлемегеннің ақысы ма?

«Жертөлелер суға толған, бірінші қатардағы пәтерлер іші қыста сыз, жазда масаға толы. Кіреберістерде электр қораптары ашық, ток желілері салбырап тұр. ПИК мүлдем жұмыс істемейді...». Тұрғындардың осындай шағымдарымен «АЖ» тілшісі Мақат ауданының орталығына барып, олардың сөздеріне көз жеткізіп қайтты. Ал ПИК қызметкерлері өз кезегінде кассаның бостығын алға тартады: қай ақшамен жасаймыз? Сурет Бейнежазба 19 ақпан 2019, 15:48 4 104 рет қаралды
Үкім түсінікті тілмен жазылсын Басқа жаңалықтар

Үкім түсінікті тілмен жазылсын

Өткен жылы Атырау облысы соттарында 1270 қылмыстық іс қаралып, 23 адам ақталып шықты. Бұл туралы брифингте облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы Тәтті УӘЛИЕВА мәлімдеді. Брифинг барысында Фемида қызметшілерінің соңғы кездері филологиялық деңгейлерін көтеріп жатқаны анықталды. 14 ақпан 2019, 16:23 2 659 рет қаралды
Қазақстандықтарға қамсыз қарттыққа кепілдік бар ма? Қоғам

Қазақстандықтарға қамсыз қарттыққа кепілдік бар ма?

Анам 5 баланы дүниеге әкелген, 30 жылдан астам уақыт мемлекеттік кәсіпорында кассир болып жұмыс істеді, қазір 52 мың теңге зейнетақы алады. Ол мемлекеттік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне ілікті, бұл ақша – қазіргі үкіметтің мирас боп қалған берешектерін аз болса да тұрақты өтеп отырған ақшасы. Ал оның балаларының дәуірі нарықтық экономикаға тұспа-тұс келді. Біз өз зейнетақымызға өзіміз  қаражат тауып жатырмыз және зейнетақы жүйесін кезекті реформалау табалдырығында тұрмыз. Бұл жерде үлкен сұрақ туындайды: зейнетақы салығын төлеп отырған қазіргі ұрпақ қарттық кезеңі үшін сақтаған қаржысын ала алады ма? 11 ақпан 2019, 12:51 3 680 рет қаралды
Атырауда облыс әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды Басқа жаңалықтар

Атырауда облыс әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Бүгін, 4 ақпанда Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ облыс активіне өзінің жаңа орынбасарын - Ақтөбе облысының 39 жастағы тумасы Айбек КРАМБАЕВТЫ таныстырды. Сонымен қатар облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жаңа басшысы тағайындалды. 4 ақпан 2019, 14:40 3 376 рет қаралды
Атырауда екі бала жұқпалы аурулар ауруханасында көз жұмды Басқа жаңалықтар

Атырауда екі бала жұқпалы аурулар ауруханасында көз жұмды

29 қаңтарда Атырауда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында (№2 облыстық аурухана) екі сәби - мақаттық екі айлық сәби мен доссорлық екі жасар қыз - көз жұмды. Екі жасар Аяулымның анасы Анжела АХМЕТҚАЛИ диагноз дұрыс қойылмаған, дәрігерлер өз жұмыстарын нашар атқарды деп есептейді. Ал медқызметкерлер болса, өз міндеттерін кәсіби тұрғыда атқарғандарын, өздерінің еш кінәлары жоқтығын айтады. Сурет Бейнежазба 1 ақпан 2019, 12:50 5 117 рет қаралды
Зиратта табылған әйел мүрдесіне аңдар ауыз салған Оқиға

Зиратта табылған әйел мүрдесіне аңдар ауыз салған

26 қаңтарда күндіз Атырау қаласындағы Жұлдыз-2 ықшамауданындағы мұсылмандар зиратының аумағында зорлықпен өлтіру белгілері - көкірек қуысында түйрелген-кесілген жарақаттары бар жамылғыға оралған жас әйелдің мүрдесі табылды. Бұдан басқа, бейшара әйелдің бетінің жартысы ойық және оң аяғының табаны жоқ. Шамасы, өлгеннен кейін жабайы аңдар ауыз салғанға ұқсайды. Толықтырылды 28 қаңтар 2019, 10:01 8 542 рет қаралды
Ізгі істердің қарымтасы: бұл елімізде жиі болатын жағдай Басқа жаңалықтар

Ізгі істердің қарымтасы: бұл елімізде жиі болатын жағдай

Белгілі бір адамдардың тапсырысы бойынша Б. Рысқалиевтың беделін түсіру мақсатында ұйымдастырылған науқан басталған кезде, бес жыл бұрын әпкем Гүлсім «Ақ Жайық» газетінің редакциясына хат жолдап («Менің інім Бергей»), онда ағам Бергей Рысқалиевтың көпшілікке беймәлім өмірбаянынан сыр шертіп, оның билікке келгенге дейін табысты бизнесмен болғанын, өз ісін ашып, зауыттар мен кәсіпорындар салғанын, мыңдаған адамға жұмыс бергенін әңгімелеген еді. PR 24 қаңтар 2019, 00:00 5 947 рет қаралды
Атырауда перинаталдық орталық дәрігерлеріне қатысты сот басталды Оқиға

Атырауда перинаталдық орталық дәрігерлеріне қатысты сот басталды

№2 Атырау қалалық сотында ҚР ҚК-нің 317-бабының 3-тармағы (Медицина жұмыскерiнiң адам өлiмiне әкеп соққан кәсiптік мiндеттерiн орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы) бойынша айыпталып отырған облыстық перинаталдық орталығының дәрігерлеріне қатысты қылмыстық іс бойынша негізгі сот отырысы өтті. 23 қаңтар 2019, 18:07 3 979 рет қаралды
Үш бидей әділ болсын деп... Басқа жаңалықтар

Үш бидей әділ болсын деп...

Атырау облыстық соты ғимаратының алдында қазақтың атақты билері Төле, Қазыбек, Әйтекеге арналған ескерткіш ашылды. Мүсіндік композиция облыс әкімдігінің қолдауымен облыстық соттың 80 жылдық мерейтойына арналған. Бейнежазба 21 қаңтар 2019, 16:48 6 184 рет қаралды
Барымтаға қарымта керек Басқа жаңалықтар

Барымтаға қарымта керек

Барымташылардан зәбір көрген Исатай, Махамбет аудандарының бір топ тұрғындары «АЖ» тілшісімен кездесіп, шешімі табылмай жүрген осы ұрлық мәселесін көтерді. Олардың айтуынша, қырда мал ұрлығы, әсіресе, жылқының ұрлануы тиылмай отыр. Ұрылар ұсталғанның өзінде айыппұл немесе малдың құнын төлеп, құтылып кетеді. Малшылар бұл туралы шағымдарын облыс әкімі, прокуратура, полицияға жолдаған. Сурет Бейнежазба 15 қаңтар 2019, 17:27 4 636 рет қаралды
«Қол-аяғымды скотчпен байлап, 23 миллионды алып кетті» Басқа жаңалықтар

«Қол-аяғымды скотчпен байлап, 23 миллионды алып кетті»

8 қаңтарда Атырауда Уәлиханов көшесінің бойындағы «Томирис» тұрғын үй кешенінде жүкті әйелге өз пәтерінде шабуыл жасалып, қылмыскерлер, екі жігіт пен қыз, пәтерінен 23 миллион теңгені алып кеткен. Алайда қарақшылар алысқа кетпеді, полицейлер із суытпай ұстады. Бейнежазба 11 қаңтар 2019, 10:25 5 134 рет қаралды
5 мың теңге үшін 5 жыл жаза алды Оқиға

5 мың теңге үшін 5 жыл жаза алды

№2 қалалық соты ҚР ҚК-нің 297-бабының 1-тармағы (Есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша айыпталған 45 жастағы Атырау тұрғынына қатысты үкім шығарды. Іс материалдарына сүйенсек, сотталушы Л. өткен жылдың қазанында танысына 5 мың теңгеге 0,86 грамм марихуана сатқан. 10 қаңтар 2019, 16:31 4 214 рет қаралды
Ақ Жайықтың жаңажылдық номинациялары Басқа жаңалықтар

Ақ Жайықтың жаңажылдық номинациялары

Жыл балы Биыл Атырауда алғаш рет «Grand Ball» қайырымдылық акциясы өтті. Классикалық вена вальсін ғана емес, полонезді, кадрильді және т.б. билерді айналып билеген жас қыздар мен жігіттер, барлығы 75 жұп кештің сәніне айналды. Сондай-ақ, отандық эстрада жұлдыздары да өнер көрсетті. Билет сатудан түскен 2 миллиондай теңге қаржы «Атырау. Кішкентай ел» ҚБ жетекшісі Ерлан КҮМІСҚАЛИЕВҚА табыс етілді. Бұл ұйым мүгедек балаларды оңалтумен айналысады. Қазір қала сыртынан оңалту деревнясын салып жатыр. Деревняның аналогы Қазақстанда жоқ, тіпті, әлемде саусақпен санарлық қана. Сурет 31 желтоқсан 2018, 00:00 4 275 рет қаралды