Атырау, 25 қараша 08:49
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда облыс әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

3 215 просмотра


Бүгін, 4 ақпанда Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ облыс активіне өзінің жаңа орынбасарын - Ақтөбе облысының 39 жастағы тумасы Айбек КРАМБАЕВТЫ таныстырды. Сонымен қатар облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жаңа басшысы тағайындалды.

- Айбек Крамбаев кәсіпкерлік, инвестиция тарту, мұнай-газ секторына жетекшілік ететін болады, - деді Ноғаев.

Бұрын осы салаға жауапты болған Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік ШАПКЕНОВ енді аймақтың әлеуметтік мәселелеріне - денсаулық сақтау,  білім беру,  жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау,  т.б. жетекшілік жасайды.

Айбек Крамбаевтың менеджмент және маркетинг салаларында бакалавр,  магистрант дәрежелері бар. 

Еңбек жолын 1999 жылы мұнай компаниясында оператор қызметінен бастаған,  2001-2005 жылдары жеке компанияларда басшылық лауазымдарында жұмыс істеді.  2005 - 2007 жылдары –  «ҚазМұнайГаз ҰК» АҚ келісім-шарт жөніндегі менеджер,  техникалық топ басшысы болды. 2007 - 2010 жылдары Ұлыбритания,  Лондон қаласында «Қарашығанақ Петролиум Девелопмент Лимитед» уәкілетті органы техникалық топтың жетекші өкілі қызметін атқарған. Отанына оралған соң «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Қарашығанақ жобасы бойынша уәкілетті органында техникалық топты басқарды.

2015 жылдан бастап, қазіргі тағайындауға дейін - бизнесті дамыту және жергілікті қамту бойынша басқарушы директор, “PSA” ЖШС-нің басқарма мүшесі болды.

- Жаңа орынбасардың тәжірибесі жүктелген міндеттерді атқаруға септігін тигізеді деген сенімдемін, - деді Ноғаев. – Бұрынғы мұнайшы мемлекеттік қызметкер антын берді.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы лауазымына Атырау облысы Жылыой ауданының 41 жастағы тумасы Серік ҚАМИДОЛА тағайындалды.

2011 жылы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы, 2016 жылдан бастап бүгінге дейін Жылыой аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы болып қызмет етті.

Зейнеткерлік жасына жетуіне байланысты Ғибрат СҮЛЕЙМЕНОВ лауазымынан босатылды. 

Бұдан басқа, Мақсот МҰҚАНОВ ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы лауазымынан босатылды. Ол енді Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясын басқаратын болады. Босаған екі орын әзірге бос тұр.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

4 ақпан 2019, 14:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.